Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

АШМ Жамбыл облысына қосымша 5,7 млрд теңге бағыттайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен селекторлық режимде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жай-күйі мен проблемалық мәселелеріне арналған отырыс өткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Жиынға Ауыл шаруашылығының вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен облыстық ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері және де «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты. «Еліміздің барлық өңірлерінен күн тәртібінде тұрған өзекті АӨК-тің проблемалық мәселелерін жинақтадық. Осы материалдардың негізінде арнайы кесте түзіліп, бүгіннен бастап әр аймақтың түйткілдерін жеке дара бейнеконференциялық байланыс арқылы қара…

0
0
405

Қазақстанда инфляция 5,4% құрады — ҰЭМ

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) 5,2%, азық-түлік емес тауарларына – 6,1%, ақылы қызметтерге – 4,9%-ға өсті, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті. Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға 31,3%, қантқа – 30,2%, шайға – 22,9%, картопқа – 19,8%, нанға – 15,9%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 12,1%, кондитерлік өнімдерге – 10,7%, салқындатылған сусындарға – 10,2%, макарон өнімдеріне – 9,8%, күнбағыс майына – 9,3%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,1%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 8,6%, құс етіне – 7,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 20,6%, жұмыртқаға – 13%, шикі сүтке – 8,2%-ғ…

0
0
474

Премьер-Министр жергілікті полиция қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ішкі істер министрлігінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен министрліктің, ішкі істер департаменттері мен аумақтық жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ЖПҚ қызметінің қалыптасу барысы мен оны жетілдіру шараларын баяндады. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұлт жоспарының 30-шы қадамын орындау мақсатында жыл басында құрылған ЖПҚ ішкі істер органдарына қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа нысанына көшуге мүмкіндік жасады. Аталған қызметтің жергілікті қоғамдастыққа есеп беру міндеттілігі заңмен бекітілді, ал әкімдер жергілікті полиция қызметіне міндеттер қойып, олардың орындалуын бақылау құқығына ие болып отыр. Жергілікті полиция басшылары үнемі мәслихат пен халы…

0
0
395

Петропавл әуежайы жыл соңына қарай қайта жаңғыртылады — ИДМ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Б.Сейдахметов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласының әуежайында болып, жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады ИДМ. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтановтың қатысуымен бірлескен кеңес өтіп, онда бас мердігер ұйым басшыларының есебі тыңдалды. Айталық, медігерлер жұмысының жақсы жақтары мен кемшіліктері атап көрсетілді. Жолаушылар терминалын қайта жаңғырту бойынша бас мердігер жұмыс кестесінен 10 күнге кешігуде. Бұл жобаны іске асыруда уақыттың тығыздығы мен өңір климатының ерекшеліктері ескерілген күннің өзінде мұндай жағдайға жол берілмеуі қажет. Іссапардың қорытындысында құрылыс ұйымдарына 2016 жылдың соңына дейін іргеле…

0
0
474

Н.Назарбаев: Қазақстан толеранттылық жағдайында ғана алдағы мақсаттардың шыңына шыға алады

Қазақстан толеранттылық жағдайында ғана алдағы мақсаттардың шыңына шыға алады, деді Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысында. «Халықаралық қарым-атынас жүйесі қарама-қарсылықтың өсуіне орай болжауға сәйкес болмай қалды. Экономикалық санкциялар, соңына дейін айтпау, қауіптер мен қатерлер, қаруды бір-бірімен жарыса жіберу әлемге де елдегі тұрақтылыққа да оң әсер бермейді. Бұл әлемдік қауымдастықтың лаңкестік пен экстремизммен күресуін асқындырып жібереді. Бүгінде барлық елдерге айту арқылы ғана аталмыш дертті жеңу керектігіне көз жеткізді», - деді Елбасы. Н.Назарбаев өткен жаздың оқиғаларын еске алды. Бірде бір ел лаңкестерден кепілдендірілмеген. «Бүгінде ел қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері сияқты тікелей лаңкестік қауіпке тап…

0
0
365

Н.Назарбаев: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек

5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек, деді Елбасы Парламенттің VI шақырылымының ашылу сәтінде. "Құрметті депутаттар, жаңа сессияның басталуымен құттықтаймын. Жер-жерде сайлаушылармен кездесiп, халықтың хал-ахуалын бiлiп, сөйлесiп, бiрталай жаңа ой-пiкiрлер жинақтаған шығарсыздар деп мен сенемiн. Оның үстiне мүмкiндiгiнше демалып, күш жинадыңыздар. Сондықтан жұмысқа бiрге кiрiсiп, елiмiз үшiн жұмыс iстейiк", - дедi Н.Назарбаев. Елбасы биылғы сессияның қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын тойлайтын кезеңге тұспа-тұс келiп отырғанын ерекше атап өттi. "Қазiр әлемде аса күрделi кезеңдердiң бiрiн бастан кешiрiп отыр. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiң барлық қиырын шарпып келедi. Мұның бәрi жаһанды…

0
0
344

Ақсу құс фабрикасы жыл соңына дейін 1 мың тонна мұздатылған тауық етін шығарады

Павлодар облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында моноқалаларды дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Жиналыс барысында Екібастұз қаласындағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бір айдан кейін жоспарлы жұмыс тәртібіне шығып, ал Ақсу ауылдық аймағындағы «Қызылжар-Құс» тауық фабрикасы жыл соңына дейін бір мың тонна мұздатылған тауық етін шығаратыны мәлім болды. Ресми деректерге сәйкес 2016 жылы Павлодар облысындағы моноқалаларды дамытуға 83,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті және республикалық бюджеттің қаржысы болса, қалғаны жергілікті кәсіпорындардың өз қаржысы. Екібастұз және Ақсу қалалары қазақстандық 27 моноқаланың ішінде көш бастап тұрса да, жоспарлы көрсеткіштердің бәріне бірдей қол жеткізілген жоқ. «Екібастұз қаласында жылу және эле…

0
0
802

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзі

Құрметті Астана экономикалық форумына қатысушылар мен қонақтар! Бүгінгі форумға қатысу үшін баршаларыңыздың уақыт бөліп, біздің елді құрметтеп, қонақжай қазақ жеріне келгендеріңіз үшін шын жүрегімнен ризашылығымды білдіремін! Астана экономикалық форумы сан түрлі мәселелерді талқылап, нақты шешімдерді қарастыратын маңызды шараға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы сияқты жаһандық халықаралық ұйымдар мен Дүниежүзілік Банк, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері – форумның тұрақты қонақтары. Биыл қатысушылар қатарын Халықаралық Валюта Қоры, Боао экономикалық форумы сияқты беделді ұйымдар толықтырды. Сондай-ақ The Economist, Financial Times сияқты әлемге әйгілі экономи…

0
0
433

Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін Астанада Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөз сөйлеуі күтілуде. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген Өкімде. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де…

0
0
412

Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарына 2016 жылдың соңына дейін газ тартылады — әкімдік

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен елді мекендерді газбен жабдықтау мәселесіне байланысты жиналыс өтті, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша қазіргі таңда 695 мыңға тарта тұрғыны бар 375 елді мекеннің 101-іне газ жүргізілген. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум аясында инвестициялық қаражат есебінен 5,7 млрд теңгеге Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос естек ауылдарына апаратын және Ырғыз ауданының Ырғыз ауылының ішіне тартылатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбыры салынды. 2014 жылы бюджеттік қаражат есебінен тартылған Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына апаратын газ құбырының құрылысы 2016 жылдың шілде айын…

0
0
560