Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері

Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта…

0
0
5127

Елбасының «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзі

Ақорданың ресми сайты «Ядролық қарусыз әлем» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзін жариялады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөйлеген сөзі Құрметті конференцияға қатысушылар! Ханымдар мен мырзалар! Қонақжай және бейбітсүйгіш Қазақстан жеріне қош келдіңіздер! 29 тамыз – барша адамзат тарихындағы айтулы күн. 25 жыл бұрын, дәл осы күні менің Жарлығыммен жер бетіндегі ең үлкен ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигоны жабылды. 40 жыл бойы 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалған полигонның үні біржола өшті. Осылайша, халқымыз тәуелсіздік таңы атар сәтте бейбітшілік жолын таңдайтынын барша әлемге паш етті. Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік көшін бастаған теңдессіз қадамдарының бастауы бо…

0
0
1297

Н.Назарбаев: Ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керек

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде қамту басты мәселе болуы керектігін айтты. «Бүгінде ел қауіпсіздігі мәселесі бірінші орынға шығып отыр. Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері сияқты тікелей лаңкестік қауіпке тап болды. Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған лаңкестік әрекеттер кезінде ұлттық ұланның сарбаздары, құқық қорғаушылар мен ешбір кінәсі жоқ бейбіт адамдар оққа ұшты. Осындай жағдайда мемлекет ұлттық қауіпсіздік мәселесін күшейтуі керек», - деді Елбасы. Елбасы айтып өткендей, қоғамның тыныштығын бұзғысы келіп отырған кейбір сыртқы және ішкі күштерге тосқауыл қою қажет. «Сол себепті бізге құқық қорғау мен заң саласында батыл шешімдер керек. Менің тапсырмаммен экстремизм, терроризм, контрбақылау…

0
0
1021

Парламент Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жауапты кезеңде өз жұмысын бастады

Парламент Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жауапты кезеңде өз жұмысын бастады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталарының отырысында. «Осы айдың алғашқы онкүнінде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Мен шарада жұмыспен қамтуды қолдау және халық табысын молайту бойынша жаңа шараларды ұсынамын. Экономиканы дамыту мен жергілікті жерлерде банктерді дамытуға жаңа қаржы қажет», - деді Елбасы. Елбасы дағдарысқа қарсы жоспарды толықтыру үшін қажетті шаралар қажет екендігін айтты. «Қазiр әлем аса күрделi кезеңдердiң бiрiн бастан кешiрiп отыр. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiң барлық қиырын шарпып келедi. Мұның бәрi – әлемнiң ажырамас бөлiгi, Қазақстанға да ықпалын тигiзбей қоймайды. Соған қарамастан бiз заманның сындарлы қатерiне лайықты жауап беру үшiн зор қызметтер…

0
0
664
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз