Б.Бекназаров: Терроризммен күрес – Қазақстандағы аса маңызды мәселе
Қазақстанда терроризммен күрес аса маңызды мәселеге айналды, деді Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты дөңгелек үстел барысында. «Біздің бүгінгі кездесуіміз жаһандық заманның ең маңызды мәселелерінің бірі экстремизм және терроризммен күресу мәселесін қаузап отыр. Өкінішке қарай, бүгінде экстремизм мен терроризмнің ауқымы мен географиясы кеңейіп келеді. Қазақстанда терроризммен күресу аса маңызды мәселелердің бірі», - деді Б.Бекназаров. Ол айтып өткендей, халықаралық терроризм мен экстремизмнің қауіпі өскен сайын заңнаманың сапасына талап күшейе түседі. «Халықаралық дәрежеде Қазақстан БҰҰ терроризмге қарсы күрестің 14 әмбебап тұжырымдамасына қосылы…
