Қазақстанда ЖАО кезегінде тұрғандардан депозит ашуға комиссия төлемі алынбайды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ЖАО кезегінде тұрғандардан депозит ашуға комиссия ұстамайтын болды. Бұл «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің өткен отырысында мәлім болды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, әзірленіп жатқан «Қолдау» банктік өнімі аясында жергілікті атқару органдарының коммуналды тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінде тұрғын азаматтарға жеңілдік жасалынатын болады. Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, әкімдік кезегінде тұрғындар 15 млн. теңгеден аспайтын шарттық сомаға ТҚЖ салымдарын тегін ашуға мүмкіндік алады. Бұған дейін Банк салым ашу үшін шарттық соманың 0,55%-ы көлемінде комиссия ұстайтын еді. Жинақтау мерзімі аяқталған…
