Биыл ОҚО ЕАЭО елдеріне 158,1 млн теңгенің тауарын экспорттады
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы ЕАЭО елдеріне 158,1 млн теңгенің тауарын экспорттады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті. Алдын ала деректер бойынша, 2016 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 319,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 64,5%, оның ішінде экспорт – 158,1 млн. АҚШ долларын (59,1%) немесе өзара сауда көлемінің 49,5%, импорт – 161,2 млн. АҚШ долларын (70,7%) құрады. Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 295,8 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 92,6%) сомасында қалыптасты, Беларусь Республикасымен – 7,5 млн. АҚШ доллар (2,4%), Қырғызстан Республикасымен – 16 млн. АҚШ доллар (5%). ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 93,7% Ресей Федерациясына, 6,2% – Қырғызстан Республикасына, 0,1% -…
