Азаматтарға арналған үкімет мемқызметтің жаңа 53 түрін көрсетуді жоспарлауда
2016 жылдың соңына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету 60 пайыздан кем болмауы керек, қызметтерді тағы 53 түрмен толықтыруды Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ведомствоның жауапты департаментіне тапсырды. «Бүгін бізде мемқызметті алудың 3 арнасы бар: «Электрондық үкімет» порталы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; мемлекеттік қызмет көрсету туралы бірыңғай байланыс орталығы. 2016 жылдың 9 айында 30 млн электрондық қызмет көрсетілді, 17,4 мың электрондық рұқсат берілді, 433,5 мың рұқсат беру құжаттары беріліп, 800 мың адам тіркелді», - деді Д.Абаев. Министр айтып өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 4 мемлекеттік кәсіпорынды біріктіру арқылы, ХҚКО, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнет…
