АШМ: Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Жыл соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады, олар 100 сүт қабылдау пункті мен 2 мың отбасылық қоректендіру алаңын біріктіреді, деді Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысында. «Елбасы бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және ауыл халқын жұмыспен қамту бойынша тапсырма берген болатын. Биылғы жылдың 28 маусымында Үкімет отырысында аталмыш шараны жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар таныстырылды. Министрлік облыс әкімдіктерімен және Денсаулық сақтау, әлеуметтік даму министрлігімен бірігіп үшжақты кезеңдік жоспар түзілді. Шараларды жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделген», - деді ол. Оның айтуынша, шараларды жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. «28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда аудан әкімдерінің орынбасарлары ме…
