Қазақстандық ғалымдар ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жобасына қатысуда
Қазғарыш тапсырмасымен «Ғалам» ЖШС қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорны «Surrey Satellite Technologies Limited» («SSTL», Ұлыбритания) еуропалық жетекші ғарыш компаниясымен бірігіп, ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (ҒТМ ҒЖ) құру жобасын жүзеге асырып отыр. Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлағандай, «SSTL» компаниясы өлшемдері жағынан ең кіші, ал тиімділігі мен бағасы жағынан ең жақсы болып шығатын ғарыш аппараттарын құрастыру бойынша әлемдік көшбасшы екендігін атап кету жөн. Контракт шарттарына сәйкес, ҒТМ ҒЖ жобалау, жиынтықтауыштарды жасап шығару, құрастыру және сынау жұмыстары «Ғалам» ЖШС және «SSTL» компаниясы инженерлердің бірлескен командасымен атқарылуда. Нәтижесінде, Қазақстанға ең жаңа ғарыш технологиялар трансферті келуде. Контракт бойынша бірлескен жобалау-қ…
