Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

«Нұрлы жол» Қазақстанда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің басты ынталандырмасына айналды

«Нұрлы жол» бағдарламасы әлемдік экономиканың өсуінің бәсеңдеуі және экспорттық тауарларға бағалардың төмендеуі жағдайларында іскерлік белсенділікті қолдаудың және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің басты ынталандырмасына айналды, деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы тиімді инфрақұрылым жасау негізінде еліміздің макроөңірлерін ықпалдастыру жолымен бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға бағытталған. Еліміздің 6 макроөңірі (Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Солтүстік, Алматы және Астана қалалары) анықталып, Алматы, Астаны, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалалары ұлттық және халықаралық деңгейдегі қалалар ретінде таңдалды», - деп мәлімдеді министр ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңей…

0
0
297

Қ.Бишімбаев: Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып келеді

Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. «Жалпы, 2016 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері оңтайланды. Айта кетерлігі, ең қиын кезеңді бірінші тоқсанда өткердік, ол кезде экономиканың түсімі 0,4 пайызды құраған еді, маусым айынан бастап экономика өсімінің қарқыны тұрақтанды», - деді министр. «Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр», – дейді министр. Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалғандығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұ…

0
0
247

Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісі субъектілеріне арналған геопорталы әзірленді және іске қосылды

Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ) спутниктік және жерүсті мониторингі, Жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер деректерін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы аумағындағы құрғақшылықтың, құрғақшылық процестерінің мониторингі және оларды талдауға арналған геопортал әзірленді және іске қосылды. Қазғарыш хабарлағандай, жоба БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және Америка халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (USAID) ынтымақтастықта және олардың қолдауымен жүзеге асырылды. Геопортал Қазақстанды және оның ауылшаруашылық өндірісін климаттық өзгерістерге бейімдеу мақсатында жасалып, іске қосылуда. 2016 жылғы 24 қазанда Алматы қаласында, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ конференц-залында геопорталдың алғашқы н…

0
0
548

Шымкентте жыл соңына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды

Шымкентте жыл соңына дейін 230-дан астам сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Өңірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Абылаев 9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты. Сонымен қатар баяндамашының мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соңына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды. Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық…

0
0
503

«Нұрлы жол»: Астана – Теміртау автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Астана – Теміртау автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда жолды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Смағұлов. «Жаңа Астана - Теміртау тасжолының жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта жолдың қайта жаңарту жұмыстары толық дерлік аяқталған.Жол жобалау жылдамдығы 140 км/сағ. болатын I – техникалық санатты стандарттарға сәйкестендіріліп салынуда. Қарсы бағыт жолағы ЖКО кемінде 3 есе, ал салдардың ауырлық деңгейін және жарақат дейгейін 8 есе қысқартатын иілген бөренелермен бөлінген», - дедіТалғат Самғұлов. Жолдың қайта жаңарту жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес барлық технололгияларды толық сақтай отырып жүргізілді. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жолда тәулігіне 6…

0
0
799

Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына инвесторлар қызығушылығының артуы себебін айтты

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкіметтің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына инвесторлар қызығушылығының артуы себебін айтты. Министр айтып өткендей, жалпы ауыл шаруашылығы Қазақсан үшін перспективасы мол сала. Инвестициялардың айтарлықтай өсуі ауыл шаруашылығында (50,9%-ға, 190,6 млрд. теңгеге дейін), саудада (32,1%-ға, 109,5 млрд. теңгеге дейін) және өңдеу өнеркәсібінде (7,7%-ға, 543,1 млрд. теңгеге дейін), сондай-ақ қаржы қызметінде (6,9%-ға, 44,7 млрд. теңгеге дейін) байқалып отыр. «Дамушы нарықтарға капитал ағынының жалпы төмендеуіне қарамастан, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың оң серпінін атап өткен жөн. Шетелдік инвестициялардың таза ағыны есепті кезеңде 5,…

0
0
285

АҚШ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

«Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шенон басқарған АҚШ делегациясы келді, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі. Алдымен америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. «Мен кеше кешкісін Астанаға келген болатынмын. Бұл менің алғашқы ресми кездесуім, демек бұл біздің ниетімізді көрсеткен нақты жолдау деп ойлаймын. Біз ЭКСПО-2017 қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон» - Томас Альфред Шенон. АҚШ Мемлекеттік хатшы орынбасары атап өткендей, ЭКСПО АҚШ қарым-қатынас арасындағы маңызды элемент ретінде қарастырылуда. Қазақстан…

0
0
336

Биыл ОҚО-да 1140 пәтер пайдалануға берілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысындағы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу сапасын тексерді, деп хабарлады “Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметі. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысымен танысып, жаңадан салынған жылыжай кешені мен алдыңғы қатарлы өндірістерді аралап, облыстық партия активімен кездесіп, өңірдің жетекші университетінде болды. Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі бір жарым есеге дейін ұлғайды. Бұл саладағы қарқынның дамуына «Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында қол жеткізіліп отыр. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкенттегі жылдам өсу үстіндегі аудандардың бірінде болып, жаңадан салынып жатқан көп қабатты құрылыстардың сапасын бағ…

0
0
367

Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылады – Бишімбаев

ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. «Заң жобасында жарнама саласындағы уәкілетті органды – жарнама мәселелері бойынша басшылық пен салааралық үйлестіруді жүргізетін орталық атқарушы органды (ҰЭМ) анықтау ұсынылады. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар жеке салада басшылық жасайтын мемлекеттік органдар болып табылады», - дейді министр. Заң жобасында Қазақстан аумағында, оның ішінде жарнамада сатылатын өнім құнын ұлттық валютада ғана көрсету туралы талап енгізіледі.Сондай-ақ жарнама саласындағы тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделеді. Заң жобасында теле, радиоарналар бір ай ішінде өт…

0
0
514

Таллинде Қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Таллинде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысы өтті. ҮАК-тің қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, эстондық бөлігін Эстония Республикасы сыртқы істер министрлігінің вице-канцлері Вяйно Рейнарт басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ. Отырыс барысында оған қатысушылар екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды қозғайтын баяндамаларын оқыды. Тараптар инвестициялық және таринзиттік-көлік салаларындағы, агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, құрылыс және туризм болашағын талқылады. Ақпараттық технологиялар, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың едәуір даму әлеуеті атап өтілді. «Екі елдегі экономикалық…

0
0
301