Қылмыстық әділет саласын жаңғырту адам құқықтарын сақтауды нығайтады - Нығматулин
Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту» тақырыбына парламенттік тыңдау өтуде. Маңызды шараны алғы сөзбен Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ашты. Елбасы әрқашанда осы саланы заманға сай жетілдіру, заң жағынан реформалау, үздік тәжірибелерді пайдалану жөнінде тапсырмалар беріп келе жатқанын, соның нәтижесінде, бүгінгі күні елімізде жаңа құқықтық және процестік институттар жұмыс істей бастағанын айтқан Мәжіліс Төрағасы осы орайда қылмыстық саясатқа ерекше көңіл бөлу керектігін алға тарта келіп, Парламент жаңа редакцияда қабылдаған Қылмыстық, қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерде адам құқығын қорғауды күшейтуге, сотқа дейінгі тергеудің жаңа тәжіриб…
