Асқар Мырзахметов Inalca Eurasia италиялық компаниясы өкілдерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Inalca Eurasia италиялық компаниясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады АШМ. Қазіргі таңда 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 61-ші қадамы «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту» бойынша Министрлікпен Inalca Eurasia компаниясының (Сremonіni Group атынан) арасында Алматы облысындағы ет кластерін құру инвестициялық жобасын дамыту мәселелерін шешуде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мал бордақылау алаңдарының қуаттылығы 10000-нан 20000-ға дейін мал басын қамтып, ет комбинатында мал сою көрсеткіші аптасына 1500-2000 басты құрайтын болады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Inalca Eurasia компаниясы еліміздің мал шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпорынының бірі…
