Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 362 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қ.Тоқаев және А.Гутерриш БҰҰ-ның келешегін талқылады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұймының жаңадан сайланған Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Қ.Тоқаев португал саясаткерін БҰҰ басшысы лауазымына сайлануымен құттықтады және тәжірибелі дипломат, саясаткер әрі басқарушы ретінде оның Ұйымға қосымша серпін беретініне сенім білдірді, - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы А.Гутерриштің штаб-пәтері Женевада орналасқан БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымындағы тиімді қызметін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, А.Гутерриш босқындар саны адам айтқысыз (60 миллионға дейін) ұлғаюына әкеліп соққан халықаралық дағдарыстар мен қақтығыстардың барлық қатеріне табысты түрде қарсы тұрды. Қ.Тоқаев Қазақстан дипломатиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің күрделі миссиясын абыроймен атқ…

0
0
436

Қазақстанда 2 357,6 млрд теңге жария етілді – ҚР ҚМ

Қазақстанның мемлекеттік кірістер органдары 2 357,6 млрд теңге сомасына ақша жария етті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі. Ағымдағы күнге барлығы 3 806,1 млрд тенге сомасында 132 031 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 3 430,6 млрд. тенге. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 372,6 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 124 310 өтініш (декларациялар) түсті, соның ішінде сомасы 1 013,4 млрд. теңгеге 102 489 тұрғын үй объекті, сомасы 312,3 млрд теңгеге 55 086 тұрғын үй емес объект. Бұдан бөлек, 11 464 млрд теңгеге 209,2 коммерциялық объект, сомасы 20,3 млрд теңгеге заңды тұлғалардың 108 қатысу үлесі, сомасы 26,7 млрд теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. 1…

0
0
427

Алматы-1-Шу екінші жолының бірінші өткізу кешені құрылысы аяқталып келеді – ҚТЖ

Алматы-1-Шу учаскесінде екінші жолдың бірінші өткізу кешенінің құрылысы аяқталып келеді, деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысу қорытындылары бойынша кеңес барысында. 21 қарашада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев Алматы-1- Шу екінші темір жол желісі құрылысы барысымен танысты. Қ. Алпысбаев бірінші өткізу кешені нысандарын аралаған соң, Отар станциясында кеңес өткізіп, «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін жобаның маңызына тоқталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Темір жол желілері құрылысы дирекциясының» басқарма бастығы Рүстем Молдағұлов барлық жоспарланған жұмыстардың то…

0
0
592

Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысынан ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті. «2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 601,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 274 млн АҚШ долларын, импорт 327,6 млн АҚШ долларын құрады», - делінген хабарламада. Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 91% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар ж…

0
0
479

Ұлыбританияның инвесторлары Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеуге 125 млн доллар салмақ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты. Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарға сай келгенде инвестициялық преференциялар беру мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі уақытта құрылтайшысы «Ferro-Alloy Resources Limited» компаниясы болып табылаты…

0
0
410

Қазақстанның инвестициялар тарту саласындағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінің ерекше қызығушылығын туғызды

Қазақстанның инвестициялар тарту саласындағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінің ерекше қызығушылығын туғызды, бұл жөнінде Ұйымның Бас хатшысының төрағалығымен Париждегі штаб-пәтерде өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия аптасы барысында белгілі болды. Бұл жыл сайынғы іс-шараның мақсаты – әлемдік қоғамның назарын еуразиялық континенттің жаһандық маңыздылығына аударту және Еуразия елдерінің ЭЫДҰ мемлекеттерімен нәтижелі ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасау. Жыл сайын осы алаң негізгі елдердің жоғары өкілдерін бір үстелдің басына жинайды. Биылғы жылы ЭЫДҰ Еуразия аптасына Польшаның Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ұлттық мұра министрі П. Глинский, Қырғызстанның вице Премьер-Министрі О. Панкратов, Украина, Чехия, Монғолия және басқа елдердің министрлері қатыст…

0
0
522

Қарағанды облысының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 963,5 млн долларды құрады

Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 963,5 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 963,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 499,4 млн. АҚШ доллар, импорт – 464,1 млн. АҚШ доллары. Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 894,1 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 92,8%-ы) сомасында қалыптасты, Қырғызстан Республикасымен – 45 млн. АҚШ доллар (4,7%), Беларусь Республикасымен – 24,1 млн. АҚШ доллар (2,5%), Армения Республикасымен – 312 мың АҚШ доллар (0,03%). Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттың жалпы көлемінде 89,6% – Ресей Федерациясына, 8,8% – Қырғызстан Республикасына,…

0
0
498

Қазақстан Парламенті 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер көлемдерін бекітті

ҚР Парламентінің Мәжілісі Парламент Сенатының «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістерімен келісті. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» заң жобасы 17 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қаралған. 2017-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, Сенат осы заң жобасына 4 түзету енгізді, оның ішінде 3 түзету Алматы қаласынан жыл сайын 1,8 млрд теңге сомасына бюджеттік алымдар көлемін азайтумен…

0
0
515

Универсиада-2017 алау ұстаушыларын іріктеудің қорытынды кезеңі басталды

Қазақстанда Универсиада-2017 алау ұстаушыларын іріктеудің қорытынды кезеңі басталды, ол 16 желтоқсанда аяқталады. Алау эстафетасының көлік жөніндегі серіктесі «Вираж» компаниясы «Газ» үлгісіне жататын коммерциялық жеңіл көліктердің жаңа топтамасын сапқа тізді, өз кезегінде бұл көлік санын оңтайландырып, 2017 жылдың қаңтарында өткізілетін Алау эстафетасы кезінде саптың ұзындығын екі есе қысқартуға мүмкіндік бермек. Тестілік эстафетада Универсиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарының өкілдері бас қосты. Алау сақтаушыларының жұмысын 30-дан аса аймақтық менеджер көре алды. 12 адамнан құрылған Алау сақтаушылар тобы Универсиада сөресіне дейін қалған 100 күнде күшейтілген даярлық бағдарламасын өтетін болады. Оқыту бағдарламасында топтың қимыл-қозғалысын барынша көрікті әрі үйлесімді ету…

0
0
614

Б. Сағынтаев: Қазақстан ЭЫДҰ-мен алдағы ынтымақтастық бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеуге дайын

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Парижде өтіп жатқан форумға қатысушыларға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды primeminister.kz. Б. Сағынтаев Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері әлем қауымдастығы өкілдерінің алдында өзін сенімді, мықты экономикалық және саяси серіктес ретінде көрсеткенін атап өтті. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісіне сәйкес, екі жыл қатарынан ілгерінді реформаларды жүзеге асырудағы үздік орындаушы мәртебесін алған Қазақстан әлемнің 190 елінің арасында 35-ші орынға табан тіреді. Премьер-Министрдің айтуынша, бұл ҚР Үкіметінің іскерлік ахуал мен мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін құру идеяларына берілгендігін көрсетеді. 2015 жылы ЭЫДҰ Қазақстанды ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасын іске қосу үшін үш серіктестің бірі ретінде таңдады, бұл біздің елімізді…

0
0
576