Қазақстанда "Қазақстанда жасалған" ұлттық брендтерді басқару агенттігі құрылды
Отандық өнім нарығы қарқынды түрде дамып келеді, деді «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Римма Тәжібаева «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендтерді басқару агенттігін құруға арналған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында. Оның айтуынша кеше ғана жастанған жастықтан, жайғасқан жиһазға дейін шекараның ар жағынан жеткізілетін. «Бүгінгі жағдай бөлек. Қазақстандық кәсіпкерлер сұранысты саралап, ұсынысты қабылдап, тұтынушыға сапасы жоғары қол жетімді бағамен өз өнімін беруге әзір екенін дәлелдеп отыр», -деп Р.Тәжібаева баяндамасын жалғастырды. Отандық өнімнің басын қосқан алаңның артықшылығы, сатушылар орынды жалға алу үшін ақы төлемейді. Тауарын тегін қояды. Қазіргі…
