Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Универсиада-2017 алау ұстаушыларын іріктеудің қорытынды кезеңі басталды

Қазақстанда Универсиада-2017 алау ұстаушыларын іріктеудің қорытынды кезеңі басталды, ол 16 желтоқсанда аяқталады.

Алау эстафетасының көлік жөніндегі серіктесі «Вираж» компаниясы «Газ» үлгісіне жататын коммерциялық жеңіл көліктердің жаңа топтамасын сапқа тізді, өз кезегінде бұл көлік санын оңтайландырып, 2017 жылдың қаңтарында өткізілетін Алау эстафетасы кезінде саптың ұзындығын екі есе қысқартуға мүмкіндік бермек.

Тестілік эстафетада Универсиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарының өкілдері бас қосты. Алау сақтаушыларының жұмысын 30-дан аса аймақтық менеджер көре алды.

12 адамнан құрылған Алау сақтаушылар тобы Универсиада сөресіне дейін қалған 100 күнде күшейтілген даярлық бағдарламасын өтетін болады. Оқыту бағдарламасында топтың қимыл-қозғалысын барынша көрікті әрі үйлесімді ету үшін қоюшы-режиссермен жұмыс жасау қарастырылған. Денешынықтыру даярлығына арналған жеке блок күтпеген жағдайларда қажет болмақ. Тағы 15 адам Алматыда тура осындай курстан өтіп, облыстарда жағылған Алауларды Алматыға жеткізу үшін Эстафета өткізілетін күні аймақтарға барады.

Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы тестілік эстафетаға ойдан шығарылған кейіпкерлер де қатысты. Сценарий бойынша тестілік Алау жағу кезінде бір адам облыс әкімі болып алғысөзбен шығып, ал бір шақырымға созылған жолменн бес «жалған» алау көтеруші алау алып өтті. Бұл, Алауды Универсиада аясындағы мұқият іріктеу байқауынан өтпеген адамдар алып өтетін бірден-бір жағдай болмақ.

ҚР аймақтарында алау көтерушілерді іріктеу байқауының аралық қорытындысын шығару да тестілік эстафетаның аса бір маңызды бөлігі болып табылады. Жоғарғы оқу орындары өздері іріктеу өткізіп, республикалық комиссияға он үміткердің тізімін ұсынуы тиіс екендігін еске саламыз. Сондай-ақ,  Универсиада-2017 сайтында қалаған адам анкета толтырып, өзін өзі ұсынушы мәртебесінде іріктеуден өте алады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
574

Осы тақырып бойынша