Мазмұнға өту
Книги
Книги

Книги

936 жазбалар569 тіркелуші

Рецензии, обзоры, мнения

Пошташы бізге не әкелді? (бейне ақпарат)

Кіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған басылым «Балаби» танымдық балалар журналы. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.

0
0
350

Әдеби бағдарлама: Айзат Рақыш «Балалықтың соңғы күзі»

Құрметті оқырмандар, бүгін сіздердің назарларыңызға жас жазушы Айзат Рақыштың «Балалықтың соңғы күзі» әңгімелер мен хикаяттар жинағын ұсынамыз. Бұл жинақ үш бөлімнен тұрады: хикаяттар, әңгімелер, әзіл әңгімелер. Әңгімелер желісі қызықты, тілі жеңіл. Кейіпкерлері – мектеп оқушылары мен студенттер, жастар. Жазушы шығараларында қазіргі өзекті мәселелерді негізге алады. Кітапханаға келіңіздер, жазылыңыдар, кітап оқыңыздар!!!

0
0
781

Қазақтың 90 бапкері

Адам батыр болып дүниеге келмейді, олар батыр болып қалыптасады. Мысалы, шәкірттердің спортта жетістіктерге жетуібапкерлеріне тікелей байланысты. Белгілі спорт тарихшысы, қаламгер Қыдырбек Рысбектің 2020 жылы шыққан «Қазақтың 72 бапкері» атты жинағы толықтырылып, 2021 жылы «Қазақтың 90 бапкері» атауымен қайта басылып шықты. Кітапта1945 – 2021 жылдар аралығындағы қазақтың таңдаулы бапкерлері мен шәкірттері туралы деректі мақалалар жиналған.

Жаттықтырушы – әрі педагог, әрі психолог, әрі арқа сүйейтін қамқор әке немесе мейірімді ана бола білуі керек. Ең бастысы, бапкер өзіне сенуі керек!

«Шіркін-ай, жер жүзінде біреудің баласын осынша өбектеп, осынша мәпелеп, оның табысына шаттанатын бапкерден басқа мамандық иесі бар ма екен?!»- дейді журналист Дархан Мыңбай.

0
0
433

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер

0
0
389

Сырлы сөздің падишасы

«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ жеке қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15-ші сәуірінде кітапханада ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі, 2020 жылы Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Мағазбекқызы Досжанның «Сырлы сөздің падишасы» атты шығармашылық кешін өткізді.Кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз ақынның шығармалары арқылы оқырмандарды табанды, қайратты, мақсатты, ұлтжанды етіп тәрбиелей отырып, ақынның еңбектерін көпшілікке дәріптеу.Кеш барысында ақынмен өмірі, шығармашылығы, алға қойған мақсаттары жайында сұқбат жүргізіліп, көрермендер…

0
0
469

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер

0
0
430

«Мен оқыған бір кітап»

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, балаларға арналған газет-журналдар және қызықты әрі заманауи басылымдармен, кітап-ойыншықтармен, түрлі-түсті энциклопедиялармен танысты. «Отбасы бақыт - аясы» бұрышында балалар кітаптарды тамашалап, зор қызығушылықпен журналдарды қарап, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шарамен аяқталды. Іс- шара барысында оқушылар кітаптың бізге қандай пайдасын тигізетіні туралы көп ақпарат алды.

Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.

0
0
708

«Алтын Бесік»

«Золотая колыбель»

Эта книга - труд известного костанайский акына, писателя, журналиста Ильяса Байтурсына. В 90-х годах 20 века у него родилась идея экспедиции «Ак Жол», которая должна была восполнить страницы истории становления великого казахского просветителя Ахмета Байтурсынова. Весь накопленный материал лег в основу создания исторических заметок в областной газете «Костанай таны», а затем в 1998 году была выпущена книга под названием «Золотая колыбель».

0
0
688

Пошташы бізге не әкелді? (бейне ақпарат) Айгөлек

Кіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған басылым «Айгөлек» балалар журналы. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.

0
0
452