Пойыздағы экономикалық тіршілік
«Құрметті жолаушылар, сіздердің назарларыңызға»... Жүйіткіген пойыздың шуы дауыстан басым түсіп, айтылар сөз естілмей қалды. Етегіңнен тартып, есіңді кетіретін қоғамда ақша табу оңай болып тұрған жоқ. Әсіресе, жоғарғы білім алмағандарға. Жаппай сатып ал, алып кел, сат... Айтуға жеңіл, қарекетте ауыр. Базардағы экономикадан пойыздағы сауда қызықтырақ секілді. Зерттеп көрелік: Пойызда саудамен айналысуға қалтаның шұрық тесіктігі итермелейді. Тыным көрмеген екі қол, екі аяқ дамыл таппай тыпырлайды. Нәпақаны осылай табудың өзі қиын. Үрлеп ішіп, шайқап төккен байлық емес. Жолаушы діттеген мекеніне жетсем десе, пойыз тасымал қызметін дұрыс атқарсам дейтін секілді. Ал, сатушы тауарымды алса екен деп тілеумен болады. Егігннің ебін, сауданың тегін үйренсе несі айып? Маркетологтардың айтуы бойынша,…
