Қаладағы мобильді кітапхана
Шілденің 6-жұлдызынан бастап қаламызда UNI (Urban neighboring institut) деп аталатын ерекше кітапхана ашылды. UNI - Алматы қаласының түрлі мәдениет және демалыс парктерінде, қоғамдық орындарында көпшілік назарына ұсынылып отырған алғашқы мобильді кітапхана жүйесі болып табылады. Аида Жұмабекова, волонтер: «UNI – Америка Құрама Штатының коммерциялық емес Street lab ұйымы дайындаған қоғамдық орындарға орналастыруға ыңғайлы бірегей ықшамды оқырман залы. UNI кітапханасы әлемнің тек екі жерінде ғана өткен. Бірі жобаның дүниеге келген орны Нью-Йорк болса, екіншісі Алматы қаласы. Қазақстанға бұл жобаны Америка елшілігінің Қазақстандағы өкілі Билл Мидлтон деген кісі алып келді. Жобамыздың негізгі мақсаттарының бірі - халықты кітап оқуға шақыру, әрі қызықтыру. Сонымен қатар, қаланың әрбір қолайлы…
