Жас режиссердің сәтті қадамы
Э.Олби - «Зоопарк», БҚО драма театры, режиссері А.Маемиров Қазақ ұлттық режиссурасының жас буыны жаңа есімдермен толығуда. Солардың бірі Асхат Маемиров. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында театр режиссурасы мамандығын Маман Байсеркенұлы шеберханасынан тәмамдаған жас талант кейін Франциядан театр саласы бойынша тағлымдамадан өтіп, дипломдық жұмысын Мәскеудің Ресей театр өнерінің Академиясында қорғап (бұрынғы ГИТИС), магистратура академиялық дәрежесін алып шықты. Асхат Маемиров режиссурадағы алғашқы қадамын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрынан бастаған. Онда Ж. Аймауытовтың «Сылаң қыз», Т. Ахметжанның «Қараторғай», А.Кравцовтың «Күнікей қыз», Г.Хугараевтың «Қара шекпен», Е.Аманшаевтың «Қасірет драмасы», Э.Олбидің «Зоопарк», М.Байджиевтің «Махаббат жағалауы», С.Бал…
