Шетелде білім алу: University of Windsor
Серікқали Жамбылов Алматы қаласында туып-өскен. 123-гимназияны бітіріп, Т.Рысқұлов атындағы колледжде оқыған. Жоғарғы оқу орнындағы білімін Канадада жалғастырған Серікқали «Екпінге» шетел университетіне қалай түскені, оқығаны жайлы әңгімелеп берді. - Сәлем, Серікқали сен бакалавр стипендиясы бойынша Канадада оқып келіпсің. Университетіңнің толық аты қандай? Қай жерде орналасқан? - Канаданың Торонтоға жақын Уинсор қаласындағы Уинсор Университетінде төрт жыл оқып шықтым. Төрт жылдың бір жылы ағылшын тілін үйренумен кетті. Ал жалпы төрт жылдық бағдарламаны екі жарым жылдың ішінде оқып бітірдім. Бір жылдың ішінде сонда үш семестр оқыдым. Сондықтан біраз қиынырақ болды. - Ал ол жаққа жолың қалай түсті? - 2008 жылы Алматыда лингвистикалық орталыққа ағылшын курсына барып жүретінмін. Ол орталық с…
