Алматы көшелері: Нұрмақов Нығмет
Нұрмақов көшесі 1966 жылға дейін 3-линия деп аталынып келген. Исаев және Әйтиев көшелерінің арасында орналасқан бұл көше Гоголь көшесінің солтүстік жағынан басталып, Жамбыл көшесіне дейін жалғасып жатыр. Ол Қазбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр және Қабанбай батыр көшелерін қиып өтеді. Соғыстан кейінгі кезеңде бұл көшенің бойында бау-бақшалы учаскелері бар бір қабатты үйлер салына бастаған. Бүгінгі күні бұл көшенің бойында: Нұрмақов пен Төле би көшелерінің қиылысында әлемдік газды генераторлық құрылғыларды өндіруші Aksa компаниясы орналасқан. Нұрмақов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында қаламыздағы ерекше мейрамханалардың бірі Wagon Restaurant орналасқан. Нұрмақов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында көппрофильді "Авторлық медицина" орталығы орналасқан. Нұрмақов пен…

