Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»
Л.Н.Толстой ЖҰМЫРТҚАДАЙ БИДАЙ Балалар ойнап жүріп, жұмыртқадай бір нәрсе тауып алады. Ортасында бидай сызығындай сызығы бар. Тұрпаты нақ бидайдай. Бір жолаушы балалардан 5 тиынға сатып алып, қалаға апарып, табылмайтын нәрсе деп патшаға қымбатқа сатады. Патша данышпандарды жиып сұрайды «бұ жұмыртқа ма, бидай ма?» деп. Данышпандар олай-бұлай алып қарады, бірақ патшаның сұраған сөзіне жөнді жауап бере алмады. Терезе алдында жатқан нәрсені тауық келіп шоқып теседі. Жұрт бидай екенін білді. Данышпандар патшаға айтыпты: «бұл кәдімгі арыш бидай екен» деп. Патша бидайды таң-тамаша қылып, қайда һәм қай уақытта шыққан бидай бұл, табыңдар деп данышпандарға жарлық қылады. Данышпандар ойлайды-ойлайды, талай кітаптарды тінтті, түк таба алмай, патшаға келіп айтады: «Біз түк таппадық. Кітапта бұл туралы…
