Мазмұнға өту
Ақмола облысы
22 жазбалар3 тіркелуші

Ақмола облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан аймақ. Облыс аумағымен қоршалған анклав — Қазақстан астанасы Астана, ол әкімшілік жағынан облысқа кірмейді. Әкімшілік орталығы: Көкшетау қаласы.

Көкшетау тұрғындары көптен күткен пәтер кілттерін алды

Республика күніне орай Ақмола облысының орталығында жаңа пәтер кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті. Жаңа баспаналар реновация бағдарламасы аясында және әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасыларға берілді.

0
0
5977

Зеренді ауданында «Гранитный – Васильковка» жолы жөнделіп, пайдалануға берілді

Ақмола облысының Зеренді ауданында «Астана – Петропавл» автожолынан бастап Гранитный кенті арқылы Васильковка ауылына дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ұзындығы тоғыз шақырым болатын бұл аудандық маңызы бар учаске өңірдің көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Аталған жол бірнеше елді мекенді байланыстырып, жергілікті карьерлерден тасымалданатын жүк көліктерінің қозғалысын қамтамасыз етеді. Сондықтан ол аудан экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие.

0
0
409

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыт бүгінде Ақмола облысының экономикасын алға сүйрейтін маңызды факторлардың біріне айналып отыр.

0
0
297

Ақмола облысында 118 туристік жоба жүзеге асырылуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында туризм саласын экономиканың маңызды драйвері ретінде атап, отандық курорттарды халықаралық деңгейде танытып, оларды ұлттық брендке айналдыру міндетін жүктеген еді. Бұл бағыт Ақмола облысы үшін айрықша маңызға ие, себебі өңір еліміздегі ең танымал демалыс аймақтарының бірі болып саналады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

0
0
266

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Ақмола облысында 2024 жылдан бері жүздеген мың тұрғынның өмірінің бір бөлігіне айналған республикалық «Таза Қазақстан» экожобасының аралық қорытындылары жасалды. Оның мақсаты қарапайым да маңызды – адамдарға, әсіресе жастарға табиғатты аялау мәдениетін дарыту, көшелер мен саябақтардың тазалығын бір реттік шара емес, күнделікті өмірдің нормасы ретінде қалыптастыру.

0
0
277

Жыл сайынғы «Жалынды Jastar CAMP 2025» оқыту лагері Зеренді ауданында өтті

Өңірдегі жастар ресурстық орталықтардың басшыларын, белсенді жастар мен волонтерлік орталықтарды тарту және біріктіру, жастар көшбасшылары мен үздік волонтерді анықтауға бағытталған көп компонентті диалог алаңын өткізу мақсатында, Зеренді ауданы «Парус» демалыс аймағында, жастарға арналған жыл сайынғы «Жалынды Jastar CAMP 2025» атты оқыту лагері өткізілді.

0
0
261

«Заң және тәртіп» жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі..

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» нарративі аясында, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде студенттермен кездесу өткізілді.

0
0
133

Қосшылықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Қосшы қаласында, «Лесная поляна» тұрғын үй массивінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік өтті. Акция барысында Қосшы қаласы аумағын қоқыстан тазарту, көгалдандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылып, қала тұрғындарын экологиялық тазалыққа баулу бағытында жүргізілді. Тазалық шарасына 250-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері, волонтерлер, белсенді жастар және азаматтық қоғам мүшелері болды. Қосшы қаласында тазалық ацкиялары үнемі өткізіліп келеді. Соның ішінде «таза бейсенбі» және сенбіліктер, сондай-ақ Сарқырама өзені маңын тазарту, тарихи-мәдени нысандарды қалпын…

0
0
310

Ақмола облысында мектептегі қорлық пен қылмыстың алдын алу үшін телеграм-бот ашылды

Балалардың құқықтарын қорғау және қылмыстың алдын алу мақсатында Ақмола облысы прокуратурасының телеграм мессенджерінде «URPAQ» боты құрылды.Сурет: detmed.ruТелеграм-бот балалардың құқықтарының бұзылуы және оларға жедел ден қою, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде балалар жарақаттануының алдын алу және алдын алу, психологиялық және консультациялық көмек көрсету туралы мәліметтер жинауға арналған автоматтандырылған жүйе.Жобаның мақсаты - кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзуға нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекет арасындағы диалог.Күнделікті жұмыс барысында тек 2024 жылдың басынан бастап ботқа қорқыту, бопсалау, ата-аналық міндеттерін орындамау, балалар жарақаты және т.б. фактілері бойынша 350-ден астам хабарлама келіп түсті.Мектепте…

0
0
782

Көкшетауда қарияның аяғы қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен

Көкшетаудағы жеке тұрғын үйдің учаскесінде жұмыс істеу барысында 1952 жылы туған ер адамның аяғы жер қопсытқыштың айналмалы механизміне тартылып кеткен.

Шақырту орнына Жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен Медициналық жедел жәрдем бригадасы дереу келіп жетті.

ТЖМ қызметкерлері қысылып қалған аяқты арнайы құралдардың көмегімен босатып алды. Олар дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетіп, зардап шеккен зейнеткер ауруханаға жатқызылды.

0
0
594