Мазмұнға өту
Ақмола облысы
22 жазбалар3 тіркелуші

Ақмола облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан аймақ. Облыс аумағымен қоршалған анклав — Қазақстан астанасы Астана, ол әкімшілік жағынан облысқа кірмейді. Әкімшілік орталығы: Көкшетау қаласы.

Біржан сал ауданында атқарылған жұмыс та, алға қойған мақсат та ауқымды

Бүгін Ақмола облысындағы Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап дәстүрлі брифинг өткізді. Журналистермен кездесуде ол өзі басқаратын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы әңгімеледі.Еліміздегі тұрғындар үшін биылғы көктемнің оңай тимегені белгілі. Республиканың басым бөлігін су басып қалып, халық қатты әбігерге түсті. Бұл зобалаң Ақмола облысын да айналып өткен жоқ. Ең алдымен осы жағдайға тоқталған әкім ел басына күн туған сол кезеңдерде жергілікті биліктің қандай іс-әрекет жасағанын айтып өтті.«Кезең барысында тіршілікті қамтамасыз ететін барлық нысандар және қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Кеңащы, Еңбекшілдер, Көдебас, Яблоновка, Құдықағаш ауылдарының тұрғын үйлерін су басу қаупі жоғары болғанымен, жедел ш…

0
0
120258

Ақмола облысында цистернадан тұз қышқылы төгілді

Ішінде тұз қышқылы бар апаттық жағдайдағы цистерна қауіпсіз қашықтыққа сүйретіп әкетілді.ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, 25 мамырда Ақмола облысы Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан жүк құрамындағы цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілген. Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылып, Ақмола облысының құтқарушылары сұйықтықтың ағысын тоқтатты.27 мамырда жүк тасымалдаушылар цистернаның ішіндегі сұйқтықты ауыстырып құйып жатқанда тұз қышқылы қайтадан ағып кеткен. Оның ағысын Астана қаласы ТЖД қызметкерлері тоқтатты. Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйретілген.СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қышқыл төгілген…

0
0
2629
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз