Алматыда 885 отбасы жаңа пәтердің кілтін алады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Бағдарламаның алғашқы кезеңі аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан 885 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.Жаңа қоныс иелерін құттықтаған Дархан Сатыбалды азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
