«Азаматтық борыш» жобасы бойынша
“Азаматтық борыш” жобасы аясында 22-маусым - соғыс құрбандарын еске алу мақсатында ауған соғысы ардагерлері Панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. 1929 жылдан 1997 жылдың аяғына дейін еліміздің астанасы болды. Қазір ол – республикалық маңызы бар қала.
“Азаматтық борыш” жобасы аясында 22-маусым - соғыс құрбандарын еске алу мақсатында ауған соғысы ардагерлері Панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында «Мәңгілік даңқ» мұражайында студент жастарға арналған бірқатар экскурссиялар өтті.
Алматыда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі шаңырақтарды көпшілікке үлгі етуге бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Биыл Алматы қаласы аталған ұлттық конкурсқа 12-рет қатысып отыр. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қаланың сегіз ауданында өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысып, естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алматы қаласының жеңімпазы Билял отбасы болды. Енді олар Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады. Биылғы байқауда әділ қазылар құрамында болған Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қалимолдин іріктеу аса жоғары деңгейде өткенін айтты: – Жалпы 262 өтінім түсті. Аудандарда бірінші кезең өтіп, қалалық кезеңге әр ауданнан екі отбасы қатысты. «Мерейлі отбасы» – елімі…
2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтікмінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасын іске асыру аясында білім беру ұйымдарының психологтарын оқыту өтті. Іс-шараны ЮНИСЕФ-тіңқолдауымен қалалық Психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге келген тұрғындар легі едәуір артты. Алматылықтардың жоғары белсенділігі мен ұйымшылдығы қаланың барлық ауданында байқалуда.Әсіресе №138 сайлау учаскесінде, Әуезов ауданындағы №105 мектеп-гимназияда орналасқан №265 учаскеде, сондай-ақ Бостандық ауданындағы №255 және №215 мектепте орналасқан №686 сайлау учаскелерінде тұрғындар белсенді дауыс беріп жатыр.
Таңертең «Алматы паркинг» КМК ұжымы кәсіпорын директорының міндетін атқарушы Талант Тайновпен бірге сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.Кәсіпорын қызметкерлері ауысым арасындағы уақытты пайдаланып, азаматтық борышын орындауға және дауыс беру құқығын жүзеге асыруға келді. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ұжым маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуға уақыт тапты.
Бүгін Құрылтай сайлауы күні Алматыдағы №91 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының халық артисі Мұрат Серкебаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол өтіп жатқан саяси оқиғаның маңызын атап өтіп, Алматы тұрғындарын шет қалмай, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Алматыдағы Құрылтай сайлауында 90 жастағы Сақыпжамал Райымбекқызы дауыс беріп, ел азаматтарын белсенді өмір сүруге шақырды.Естеріңізде болса, жақында ақ жаулықты ана Медеудегі 842 баспалдақты бағындырып, көпшілікті тәнті еткен еді. Өмір бойы еңбекпен шыңдалған кейуананың айтуынша, тауға шығу оның көптен бергі арманы болған.«Жүрегім де қысылмады, аяқ-қолым да тартылмады. Жоғарыдағы дәмханаға бір-ақ бардым», - дейді Сақыпжамал Райымбекқызы.
Алматыда 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа мектеп ашылып, жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарындағы жөндеу жұмысы толық аяқталады. 133 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, отбасыларға балаларын оқу жылына даярлауға көмек көрсетіледі. Қала мектептеріндегі тағы бір елеулі өзгеріс – жасанды интеллектінің егзізіле бастауы. Алматының жаңа 2026–2027 оқу жылына даярлығы мен «Мектепке жол» акциясының барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев айтып берді.
Халықаралық жастар күніне орай «Қала сенен басталады» деген ұранмен өтіп жатқан, 20 мың адамның басын қосқан фестивальда он күн бойы білім мен экологияға қатысты акциялар, спорт жарысы өтіп, шығармашылық жобалар, кино мен концерт өтеді. Фестиваль бағдарламасы мен негізгі іс-шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жастар саясаты басқармасы мен Tulga Foundation қоғамдық қорының өкілдері айтып берді.