Жыл басынан бері 8 мыңнан астам алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
Алматыда 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 192 тұрғынға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады. Арнайы әлеуметтік қызмет ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, сондай-ақ өмірінде қиындық болып жатқан азаматтарға көрсетіледі.
