Мазмұнға өту
Абай облысы
32 жазбалар3 тіркелуші

Абай облысы – Қазақстанның шығысында 2022 жылы бұрынғы Семей облысы негізінде құрылған аймақ.

Қарауылдықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылын көркейтіп жатыр

Абай облысының Абай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.Қарауыл ауылында түрлі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бағдаршамдар ауыстырылып, Ералы көшесінің бойында жаяу жүргіншілер өткелі жасалды.«Сәуір айында басталған тазалықтың екі айлығына және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына барлығы 1 431 адам жұмылдырылып, 29 бірлік техника көшелерді тазартты, 19 450 текше метр тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс үйінділері шығарылды. Жеке секторларда 2950 аула тазаланып, 22 905 текше метр қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы бөлінген орындарға шығарылды. Саябақтар мен мекемелердің аулаларына 4 726 ағаш отырғызылды. Аудан орталығындағы зираттардың қоршаулары сырланы…

0
0
77519

Нұрлан Ұранхаев: «Елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты»

Абай өңірінде бүгінгі Жеңіс күні облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтауынан басталды. Ол әкімдіктің ресми сайтында таңғы сағат 8-ден өте жарияланды.   «Қымбатты ардагерлер!Құрметті жерлестер!Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты», – делінген әкімнің құттықтауында.Нұрлан Ұранхаев бүгінгі халқымыздың есімдері тарихтың бетінде мәңгі қалған аға буын алдында шексіз қарыздар екені…

0
0
1704
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз