«Жеңіл ақша» қуған дроптар қатаң жазаға тартылады
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 232-бабында қылмыстық қауымдастыққа қатысуға жауапкершілік қарастырылып, «дроп» немесе «дроппер» ұғымы енгізілді. «Дроппер» ретінде интернет-алаяқтыққа қатысқан адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі, полиция аға лейтенанты Ерназ Тұрлыбеков хабарлады.



