Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері
Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, - деді Б. Исабаев. 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қа…



