Мазмұнға өту
Жамбыл облысы
12 жазбалар3 тіркелуші

Жамбыл облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан аймақ. 1939 жылы құрылған.

Жамбыл облысында 105 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр.

undefined

Аталған аймақтың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.

30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

0
0
285

"Жемісі көп болсын!" Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде.Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осы орайда бүгін «Жанашыр жан» қоғамдық қорының директоры Марат Оспановтың көпұлтты шаңырағында (барлығы 15 баланы (4-еуі грек, 2-еуі неміс, 5-еуі орыс) асырап алған) ауласын абаттандыру және жеміс талдарын отырғызу шарасы өтті.Айта кету керек, Марат Оспанов осы жылы «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауының «Туған жер» аталымы бойынша қоғамдық мәселелерді шешуде ерен еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Түрлі ұлттың балаларын бауырына басып отырған отбасы көпке үлгі көрсетуде. "Бүгін ерекше қуаныштымын. Мен бауырыма қанша бала бассам, шаңырағыма сонша береке кірет…

0
0
395
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз