ОБЛЫСТЫҚ ANTIKOR ЖАС СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН НАСИХАТТАУДА
▪️ Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен жасөспірімдер арасында дзюдо, таеквандо, еркін және грек-рим күресінен "Жетісу кубогы" командалық жарысын өткізді. Спорттық жарысты өткізудің басты идеясы-жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау.▪️ Бүгінгі таңда қазіргі қоғамның басты мақсаты - мемлекеттік және халықаралық деңгейге жауап беретін жан-жақты, заңды сауатты, әдепті, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізу жастарды салауатты, парасатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.▪️ Спорт жарысына қатысушыларға арнаған сөзінде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов: "Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз…



