Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ОБЛЫСТЫҚ ANTIKOR ЖАС СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН НАСИХАТТАУДА

▪️ Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен жасөспірімдер арасында дзюдо, таеквандо, еркін және грек-рим күресінен "Жетісу кубогы" командалық жарысын өткізді. Спорттық жарысты өткізудің басты идеясы-жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

▪️ Бүгінгі таңда қазіргі қоғамның басты мақсаты - мемлекеттік және халықаралық деңгейге жауап беретін жан-жақты, заңды сауатты, әдепті, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізу жастарды салауатты, парасатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

▪️ Спорт жарысына қатысушыларға арнаған сөзінде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов: "Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтардың барлық санаттары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл тұрғыда жастар маңызды позициялардың бірін алады. Себебі, ерте жастан бастап жастарымыздың санасында адалдық, ашықтық, парасаттылық және кез келген құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру және нығайту өте маңызды болып табылады – деп айтты.

▪️ Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша ең үздіктер дипломдармен марапатталып, өздерінің бағалы кубоктарын алды.

0
0
190

Еще по теме

ОБЛЫСТЫҚ ANTIKOR ЖАС СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН НАСИХАТТАУДА - Yvision.kz