«AMANAT»: ДЕПУТАТ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР САЛДЫ
Отырар ауданы түйе өсіруден оңтүстіктегі аумақтардың алдыңғы қатарында. Қазіргі таңда аталған өлкеде 11 мыңнан астам Ойсылқара түлігі бар. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасовтың облыстағы сапары Отырар ауданында жалғасып, Шілік ауылында орналасқан «Гүлмайра» ЖШС шұбат өндіру цехының жұмысымен танысты. Цех директоры О.Мұстафин бүгінде түйе өсіруден мол табысқа кенелген кәсіпкерлердің бірі. Ол Отырардың табиғаты түйе өсіруге өте қолайлы екенін айта келе:- Осыдан бірнеше жыл бұрын Шілікте түйе өсірушілер санаулы еді. Қазір жергілікті тұрғындар да қолда бірең-сараң түйе ұстауда. Олар ауыл-аймақтағы той-жиындарда қымыран өткізіп өз несібелеріне қол жеткізіп отыр. Мұның өзі қуантарлық жайт. Ал, біздің цехтің өнімдері арнайы қалбырға құйылып, ірі сауда орындарының сөрелерінде сатылы…
