ОРДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ.
2021 жылдың 24 мамыры ҚР «Сайлау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, он күннен кейін күшіне енді. Жаңа Заңға сәйкес, еліміздің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сайланатын болды, яғни, бұрынғыдай депутаттар емес жергілікті халық сайлайды.
Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тікелей сайлау кезінде әкімдікке үміткер тұлға өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, бұл оның жұмысына оң әсер етеді.
Осыған сәйкес, орны босаған Орда ауылдық округі әкімінің сайлауы басталды. Сайлау участоктері талапқа сай. Бастапқы дауыс берушілер легі де келуде.
