KURSIV AUTO 2024 форумы қалай өтті?
Өткен жылы отандық автокөлік нарығы көптеген жаңалықтара толы болды. Статистика ресми дилерлердің жеңіл автокөліктерді сатуы 61%-ға, өндіріс 30%-ға өсті, жаңа және ескі көліктердің импорт көлемі артқанын көрсетіп отыр.Kursiv Auto 2024 форумының «Автокөлік нарығы 2024: шетке ығысу ма, әлде алға жылжу ма?» атты бірінші сессиясына қатысушылар нарыққа 2023 жылы рекордтық сатылымға қол жеткізуге мүмкіндік берген және 2024 жылы құлдырауды тудырған факторларды талқылады.Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева 2023 жылдың басында ешкім мұндай нәтижені күтпегенін айтты: өсім 20-25% аралығында болады деп болжанған еді. Оның сөзінше, 2023 жылы автокөлік сатылымының оң динамикасының себептерінің бірі көлікті несие арқылы рәсімдеудің артыпты.Ресей және ТМД елдеріндегі Kia экс-президенті…



