Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости

KURSIV AUTO 2024 форумы қалай өтті?

Өткен жылы отандық автокөлік нарығы көптеген жаңалықтара толы болды. Статистика ресми дилерлердің жеңіл автокөліктерді сатуы 61%-ға, өндіріс 30%-ға өсті, жаңа және ескі көліктердің импорт көлемі артқанын көрсетіп отыр.



Kursiv Auto 2024 форумының «Автокөлік нарығы 2024: шетке ығысу ма, әлде алға жылжу ма?» атты бірінші сессиясына қатысушылар нарыққа 2023 жылы рекордтық сатылымға қол жеткізуге мүмкіндік берген және 2024 жылы құлдырауды тудырған факторларды талқылады.



Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева 2023 жылдың басында ешкім мұндай нәтижені күтпегенін айтты: өсім 20-25% аралығында болады деп болжанған еді. Оның сөзінше, 2023 жылы автокөлік сатылымының оң динамикасының себептерінің бірі көлікті несие арқылы рәсімдеудің артыпты.


Ресей және ТМД елдеріндегі Kia экс-президенті Ким Джин Ха

Әрқашан өсу мен құлдырау болады. Сондықтан біз біршама төмендеуді бастан өткеруіміз керек. Менің ойымша, қазір сондай жағдайдамыз.

Kursiv Auto 2024 форумы барысында 2024 жылғы автокөлік нарығының жай-күйі мен келешегі, жекелей алғанда, сату, экспорт, импорт, нарықтық үрдістер, соның ішінде электромобильдер мен инфрақұрылым проблемалары, нарықтағы кадрлар, баға белгілеу мәселелері талқыланды. Шараның басты тақырыбының бірі Қытай факторы және оның нарыққа әсері болды. Сондай-ақ ұлттық автокөлік өнеркәсібінің мәселелері – авто және құрамдас бөлшектерді шығарудың нәтижелері мен келешегі, өндірушілерді реттеу қарастырылды. Автокөлікті несиелендіру және әртүрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы шарттарды салыстыру мәселелері де талқыланды.


0
0
388

Еще по теме

KURSIV AUTO 2024 форумы қалай өтті? - Yvision.kz