Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат! = От монетки до тенге: большое путешествие!
«БиблиоКидс» кітап клубының кезекті сабағында ақша тарихы мен Қазақстанның ұлттық валютасы — теңгеге арналған «Тиыннан теңгеге дейін: үлкен саяхат» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті. Сабақ барысында балалар ақша әлеміне қызықты саяхат жасады: ежелгі заманда адамдардың немен есеп айырысқанын, тауар айырбасының қалай пайда болғанын және Қазақстанда ұлттық валютаның қашан енгізілгенін білді. Викторина мен «Ақылды сауда дүкені» ойынында балалар ақша санауды, бағаларды салыстыруды және шығындарды сауатты жоспарлауды үйренді. Алексей Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкендері» ертегісіндегі Буратиноның шытырман оқиғаларын талқылай отырып, балалар оңай олжа туралы уәделерге неліктен сенуге болмайтыны туралы ойланды. Ал Ыбырай Алтынсариннің «Жомарт» әңгімесі оларға мейірімділі…



