Студенттік өмір жарқын болашаққа бастар жол
Студенттік өмір әр адамның өміріндегі ең ерекше, жастық шақтың есте қалар кезеңі. Бұл уақыт тек білім алып мамандық игерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар тұлға ретінде қалыптасудың, әрі жаңа достар табудың және өзіңді танудың уақыты. Әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қабырғасындағы әрбір күн жаңа мүмкіндік деп ойлаймын. ҚазҰУ- еліміздің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі ғана емес, сондай-ақ жас буынға сапалы білім беріп қана қоймай, рухани және әлеуметтік тұрғыда қалыптасуға жол ашатын үлкен орта.


