Максимум репост!
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мырзаның өткен аптада өлкедегі қоғам белсенділерімен, блогерлермен, халық арасында беделді азаматттармен кездесуі қалай болғанда да, айта қаларлықтай маңызды оқиға деп есептеймін. Бұл үшін әкім жəне оның командасына белгілі бір дәрежеде алғыс білдіру керек! Біздің мақсатымыз – "көрмес түйені де көрмес" принципімен қай нәрсеге де әкімді кінәлі етіп шығару емес, не жағымпаздықпен "жақсысын асырып, жаманын жасыру" да емес, "ақты ақ, қараны қара деп айтатын" конструктивті диалог болса керек. Сондықтан, бұл тұрғыдан алғанда, жекелеген ұсақ-түйек кемшіліктерді есептемегенде "Тоғжанов кездесуінен" мен жеке басым бірталай прогресс байқағандықтан, жақсы деген баға беремін. Бұл бағаны әкімнің сын-пікір қабылдауға деген прогрессивті талпы…