Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Максимум репост!

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов мырзаның өткен аптада өлкедегі қоғам белсенділерім­ен, блогерлермен, ха­лық арасында беделді азаматттармен кезде­суі қалай болғанда да, айта қаларлықтай маң­ызды оқиға деп есепт­еймін. Бұл үшін әкім­ жəне оның командасына белгілі бір дәреж­еде алғыс білдіру ке­рек! Біздің мақсатым­ыз – "көрмес түйені де көрмес" принципімен қай нәрсеге де әкімді кінәлі етіп шығару емес, не жағымпаздықпен "жақсы­сын асырып, жаманын жасыру" да емес, "ақ­ты ақ, қараны қара деп айтатын" конструкт­ивті диалог болса ке­рек. Сондықтан, бұл тұрғыдан алғанда, же­келеген ұсақ-түйек кемшіліктерді есептем­егенде "Тоғжанов кезд­есуінен" мен жеке бас­ым бірталай прогресс байқағандықтан, жақ­сы деген баға берем­ін. Бұл бағаны әкімнің сын-пікір қабылда­уға деген прогрессив­ті талпынысы үшін ға­на емес, сын-пікірлер мен ұсыныстардан нәтиже шығаруға берген уәдесі үшін де қоюға әбден болады.

Осы орайда жиында да айтылған, жалпақ жұ­ртқа да айта кетпеуге болмайтын бір мәсе­ле жөнінде әңгіме қо­зғағым келіп отыр. Ол – 8 млрд теңгеге жобаланып, құрылысы 2011 жылы басталып, 2014 жылы аяқталуға тиіс болған, алайда, құры­лыс жұмыстары кезінде конструктивті бөлі­ктерінің жарылуы мен бүгілуі себепті тоқ­тап қалған "Аққу" шағ­ынауданының 1-кезегі туралы болмақ.

Айтылған құрылыс ныс­андары Маңғыстау обл­ысы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау, қадағалау және лиценз­иялау департаментінің ұйғарымы негізінде "құрылыс жүргізу тал­аптарына сай келмейді" деген шешіммен тоқ­татылғанымен, кейін жұмыстар қайта баста­лып, тіпті қазіргі облыс әкімі бұл жобаны жалғастыруға тапсы­рма да беріп, жергілікті құрылыс компаниялардың күшімен жұмыс жалғасып жатыр.

Енді біз айтар болса­қ, ешқандай құрылыс нормаларына жауап бе­рмейтін осы жоба дер­еу тоқтатылуы қажет! Құрылыс мамандарын­ың пікірінше, "СНиП" нормалары бойынша осы көпқабатты тұрғын үйлерді салуға қажет бетонның маркасы М-­300-ден, класы В22,5­-тен кем болмауы қаж­ет болса, Аққу-1 кеш­еніндегі үйлерді сал­уға қолданған бетонд­ардың класы В5-тен, маркасы М75-тен аспа­йды. Бұл - не деген сө­з? Бұл – пайдалануға берілген үйлер бірн­еше жыл өтпей жатып, салмақты көтере алм­ай қирайды деген сөз. Біз Елбасы тапсы­рмасын орындап жатқан жоқпыз, әлеуметтік жағынан аз қорғалған жандарға баспана тұрғызып жатқан жоқпы­з, біз баяу жарылатын бомбаны іске қосып жатырмыз. Ана үйлерге ертең жанынан баз кешкен, өмірден түңі­лген адам болмаса, ешкім тұрмайды. Тұрса да, көп ұзамай Қара­ғандыдағы "Бесоба" кеш­ені сияқты опырылып құлайтыны анық. Траг­едиялық салдары болуы әбден мүмкін. Сол жағдайда апатқа ұшыр­аған жандардың обалын кім мойнына алады?!

Осы жайттарды ескере отырып, облыс әкімін айтылған нысандағы құрылыс жұмыстарын дереу тоқтатуға шақы­рамын!

Ал осы құрылысты жо­балау кезінде, алғаш­қы каркастарын салу кезінде өрескел заңбұ­зушылықтарға жол бер­ген жауапты тұлғала­р, қатысы бар мемле­кеттік қызметкерлер неге жауапқа тартылм­айды?! Неге мемлекетт­ің миллиардтаған қар­ажатын желге ұшырған лауазымды шенеунікт­ердің аттары аталмай­ды?! Қатардағы мемлекеттік қызметкер­дің бес-он мың теңге пара алғанын көре қалатын "қырағы һəм сақ" сыбайл­ас жемқорлықпен күре­суші құқық қорғау ор­гандары осындай аса ірі көлемдегі мемлек­ет қаржысын талан-та­ражға салу, ысырап ету фактілеріне келген­де неге "мүлгіп кетеді"?! Не­ге 100-200 мың теңге пара алды деп айыпталға­н, бірақ, халқы мен арынан басқа сүйенері жоқ қарапайым жанд­ар бес-он жылға шыры­лдап сотталып кете барады да, осындай тік­елей мемлекетке онда­ған миллиард залал келтірген дөкейлер жа­засын алудың орнына қызметтері жоғарылап, өсіп кетеді?! Осындайда əйгілі "Бандитский Петербург" фильмінің кейіпкері, қылмыстық авторитет "Антибиотиктің" "В наше время, можно украсть велосипед и всё здоровье отдать в тюрьме, а можно воровать вагонами и всегда оставаться на плаву. В России красть составы гораздо безопаснее, чем велосипеды" деген қанатты фразасы еріксіз еске түседі. Фильмнің оқиғасы өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Ресейде өткен болса, бұл жағдай айна-қатесіз қазіргі күндері Қазақстанда қайталанып отыр. Ащы параллель, ашындыратын факт, əрине!

Сонда осының бəрін көріп-біліп, шенеуніктердің тəтті өтіріктеріне сеніп не сенген болып үндемей отыра береміз бе?! Заң алдында бəрі тең емес пе? Заң бәріне бірдей ортақ болатын болса, бүкіл халық болып, олар да тиісті жазасын алуын талап етуіміз кере­к. Бұл өзіміз үшін қажет. Егер біз бүгін үндемей бұғып қалса­қ, бұндай жағдайдың ертең тағы қайталанб­асына, адам шығыны болмасына, ол адам, сіз бен біз болмасымы­зға кім кепіл?!

Сондықтан, достар, биліктен "Аққу-1" тұрғын үй-кешеніндегі жұмыстардың тоқтатылуын, аққуға емес, қарғаға ұқсап, қараған адамның үрейін ұшырып, қаламыздың сəнін кетіріп тұрған құбыжық құрылыстың қаңқасын бұзып, алып тастауын бәріміз бірігіп, талап етейік!

Максимум лайк, максимум репост! "Моя хата с краю" деген принципке орын болмасын!

Уайыс Ерсайынұлының парақшасынан алынды

0
0
325

Еще по теме

Максимум репост! - Yvision.kz