Перейти к содержимому
yerlenyerkebulan

Еркебұлан Ерлен

@yerlenyerkebulan

На сайте с 1 апреля 2013 г.Казахстан, Кызылорда

Қазақ. Мұсылман. Инженер.

рейтинг

100

постов

23

комменты

3

подписчиков

0

подписки

2

«Революция» деген осы!

2000 жыл Сегізінші сынып. Бір қыстақтың іші болса да бір мектептен екіншіне көштім. Үміт артып келген оқу ордасы жұрт айтқандай мықты боп шықты. Класс оқушыларының тәртібі жақсы. Сабақтарына, дәптерлері мен кітаптарына, сынып тазалығына деген талаптары жоғары екен. Оқушылар арасынан сайланған «оқу секторы», «тазалық секторы», «шаруашылық секторы» және «староста» да бар. Әрқайсысы қолдарына бір-бір дәптерден алып, аптасына бір күн бізді тексеріп шығатын. Ал класс жетекшісі тек нұсқау беруші. Оның айтқаны бізге заң. Ал оған қарсы келу тіптен ойымызда қылаң бермейтін. Староста айтты, яғни ұстаз талап етті! Мен келгенше класс жетекшіміз біздің класты қатал тәртіпте ұстаған екен. Сонан болса керек, барлығы тым тәртіпті, ұқыпты. Мектепішілік жарыстар болса, біздің сынып бірінші орынды бермейтін…

0
0
1145

Зымыран зарары

Ерте есейген балалық Шамамен 1998-1999 жылдар болатын. Жасымыз 12-13-те. Нағыз күнкөрістің қиындап тұрған шағы. Үйдің жалғыз ғана асыраушысы әкем таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Басшылық қызметте болса да, мардымсыз жалақысын кешіктіру кейде айларға созылатын. Расымен, айлығы аз-тын. Қаржы болған күннің өзінде бірінші жұмысшыларға беретін. Басқа амал жоқ. Еңбек күшінен айрылуға тағы болмайды. Ал, анам біздің тәрбиеміз бен үй шаруасында еді. Сонымен не керек, финанстан қиындық басталып кетті. Жыл санап қысты. Қара нанды айтпағанда, қанттың өзін шоколад кәмпиттен артық көретінді шығардық. Тиын-тебеннің басы құралса, «қант, қант алайық» десіп қалатынбыз. Бұл жағдайлар барлық отбасының басынан өткен шығар. Мәселенің шешу жолдарын тек әкелер емес, балалар да ойластыра бастады. Заман соған тір…

0
0
777

Орыс Африкада да орыс

Мәселені Ресейдің өзінен бастайыншы. 2009 жылы Москваға жолым түсті. Орыстың қыздарын айтсаңшы... STOP! Сұлулық туралы айтайын деп тұрғам жоқ ))). Жігіттерімен салыстырғанда қыздары темекіні көп шегеді екен. Ал жігіттерінің негізгі кәсібі сыра. Солай бола тұра орыстар расымен кітапты көп оқиды екен. Метро дейсіз бе, асхана дейсіз бе кітап құшақтаған, есеп шығарып отырған жастар. Шуриктің киносын әр көрген сайын: "Мынау енді өтірік қой",-дейтінмін. Жоқ, расымен оқымысты екен олар. Қақпағы ашық тұрған құдықтан аттап өтіп кетпесе де, жатпай-тұрмай оқып қалғандар. Бірін айтып біріне кетіп қалып жатырмын-ау. Егер дүкенде жақсы өтетін зат бар болса, ол сыра екен. Кеш бата сала, жұмыстан соң, жапа тармағай сыралатады екен. Осы үрдіс Қызылорда да солай. Жалпы орыс жүрген жерде, қақталған балық, к…

0
1
560

Қызылорда-Алматы

Тағы да сол Алматы. Жеткізбес жол. Уақыт кері жүріп жатқандай. Орал-Алматы бағытындағы пойыз үй төбесі көрінсе тоқтай береді. Бір түнді әзер өткізіп, шәй ішіп отырғам. Қарама-қарсы орында жасы егде тартқан орыс кісі ұйқысынан оянды. Кешелі бері сол кісіге назарым ауып келеді. Өзі бір сөйлесе тоқтамайды. Киімі жұпыны. Балықшылардың арнайы киімін жанына іліп қойыпты. Кісіні киімін е қарап қарсы алып, сөзіне қарай сыйлайтын халықтың ұлымын ғой ))). Сөйтсем, бұл балықшым елбасымыз Н.Әбішұлының кластасы болып шықпасы бар ма. Әңгіме енді басталды. "Қай жерге келдік өзі?",-деді әлгі орыс. "Жуалы ғой",-дедім. "Б.Момышұлы туылған ауыл. Білемісіз оны?" -Білемін деді. Сонан ұзын сонар әңгіме басталды. "Өзім Фабричныйда тұрамын"-деп бастаған әңгіме ұзаққа созылды. Көп ғибратты әңгімелер айтты. Назарб…

0
0
721