ЕР ДӘУІТ АТА ӘУЛИЕ ӘПСАНАЛАРЫ
1. Ер Дәуіт Ата – қасиеті мол, ұлық әулиеОңтүстік өңіріндегі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында, Дарбаза ауылы округінің Сандық тау шоқысында орналасқан Ер Дәуіт Ата әулие ұсталықтың және темірдің пірі болған. Шын мәніне келгенде, оның қай ғасырда жасағаны белгісіз. Ешкім де оны дөп басып айта алмайды. Сонау ғасырлар қойнауында, ертеде ғұмыр кешкен Дәуіт пайғамбардың да өз кезінде ұсталық, теміршілік өнермен атақ даңқы шыққаны белгілі. Анығы осы, содан қаншама уақыт, сан ғасырдан кейін Ер Дәуіт Ата да сол кәсіп пен жолды иеленіпті.Елдің айтуына қарағанда, Ер Дәуіт Ата – төрт тарапта жатқан бүкіл әулиелердің ішінде ең қасиеті мол, ең кереметі күшті, ең ұлығы, ең сабырлысы екен. Тіпті Жаратушы Аллаһтан үкім болып, уақыт сағаты жетіп, төрт мұқарап періштенің бірі Ғәзірейіл жанын алайын д…