DON’T JUDJE A BOOK BY ITS COVER НЕМЕСЕ АКАДЕМИК Ғ. ЕСІМНІҢ «ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫ
Бір адам көзқарасында қайшылық толы, ұстанымы белгісіз, білімі әртүрлі ой-пікір немесе адамдарға «еліктеу» деңгейінде, ғылымда жаңалығының түп-тамыры жоқ немесе жасаған ғылымының қайдан келгені белгісіз біреу болса, «бір халықтың бітім-болмысын, мәдениетін таныта алуы мүмкін бе?» Жоқ. Әрине. Бұл айтылған сипаттар әлі жеке тұлғалық қасиеттері жоқ, дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, ізденіс үстінде жүрген, білімі толық емес, өзінің жеке ойы жоқ, еліктеуге бейім адамның сипаты емес пе? Ал егер көзқарасында қайшылық толы, еліктегіш, деист, теист, агностик, зороастризм араласқан буддист сипаттарды басқа емес, Абай жайлы 2012 жылы ғылыми академиялық деңгейде жазылған кітаптардан оқысақ, оған не уәж айтамыз. Оқып көрейік:Профессор, Абай пәлсапасын зерттеп жүрген ғалым Ғарифолла Есім Абай көзқарасы…