DON’T JUDJE A BOOK BY ITS COVER НЕМЕСЕ АКАДЕМИК Ғ. ЕСІМНІҢ «ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫ
Бір адам көзқарасында қайшылық толы, ұстанымы белгісіз, білімі әртүрлі ой-пікір немесе адамдарға «еліктеу» деңгейінде, ғылымда жаңалығының түп-тамыры жоқ немесе жасаған ғылымының қайдан келгені белгісіз біреу болса, «бір халықтың бітім-болмысын, мәдениетін таныта алуы мүмкін бе?»
Жоқ. Әрине.
Бұл айтылған сипаттар әлі жеке тұлғалық қасиеттері жоқ, дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, ізденіс үстінде жүрген, білімі толық емес, өзінің жеке ойы жоқ, еліктеуге бейім адамның сипаты емес пе?
Ал егер көзқарасында қайшылық толы, еліктегіш, деист, теист, агностик, зороастризм араласқан буддист сипаттарды басқа емес, Абай жайлы 2012 жылы ғылыми академиялық деңгейде жазылған кітаптардан оқысақ, оған не уәж айтамыз. Оқып көрейік:
Профессор, Абай пәлсапасын зерттеп жүрген ғалым Ғарифолла Есім Абай көзқарасында бірде деизм, бірде теизм болғанын бұған дейін де айтқан ғалымдар бар екенін жазады, ал өзі Абайдың айыру мүмкін емес қайшылыққа толы көзқарастары туралы былай дейді:
«...бүгінге дейінгі абайтанушылар оның философиялық көзқарасын бірде деизмге, бірде теизмге жақындатып қарастырып келеді» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 70б.
«Абайда ақын деп сөзсіз мойындап отырғанымызбен, оның дүниетанымында қай сананың (философиялық немесе көркемдік сананың) басым екенін АЙЫРУ МҮМКІН ЕМЕС» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Астана . Фолиант. б400. 2012 , 70б.
«...Мұнда Абай фейербахша дінді реформалап, соны жаңалыққа бейімдегісі келеді» ҚАЙШЫЛЫҒЫ БАР» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Астана . Фолиант, 2012, 78 бет.
«Абай Алланың, пайғамбардың жолындамыз дейді, бірақ Алла туралы ақын пікірінің ислам дініндегі негізгі қағидалармен қабыспайтын жерлері көп. ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ СОНДА. Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012. 73.
«Абайдың «адам» туралы ой-толғаныстарында, айғайлап тұрмаса да, СУФИЗМ МЕН БУДДИЗМНІҢ ӘСЕРІ АНЫҚ БАЙҚАЛАДЫ. Ақын адамды Алламен бірге атап қана қоймайды тіптен, керек десеңіз, адамның дамуын шектемей, оны тым биіктетіп әкетеді. Алла-жаратушы, Алла шындық, бірақ өмірдің, әлемнің қозғаушы күші-адам. Мұндай гуманизм буддизмге тән. Осы дін бойынша, егер адам будда бола алса, ол құдайдан да биік деген қағида бар. Сірә, осы тұжырымды суфистік ғұламалар да буддизмнен алып, өздерінше дамытқанға ұқсайды. Адам жөніндегі осы БУДДИСТІК-СУФИСТІК КӨЗҚАРАС АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕГІНЕ АЙНАЛҒАН. ..... Алла мәңгілік болса, адам туралы ақиқат та әлімсақтан мәңгілік, яғни оның өзі болмаса да ұрпақтан-ұрпаққа көшетін аруағы мәңгілік. Алла да, адам туралы ақиқат та мәңгілік» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 76 бет.
«Күншығысым-күнбатыс, күнбатысым-күншығыс болып кетті»-дейді. Әрине, оның мұндағы күнбатысы-өзі тілін, өнерін үйренген Ресей. Абай әрбір жақсы сөзді оқыған соң, соның ағымына ақыл-оймен терең бойлайтын әдет табады. Мәелен, Будданың жайын оқып шыққанның артынан: «БУДДАННЫҢ СӨЗІ ҚАЛАЙ ТЕРЕҢ ЕДІ, ЖАСЫМДА КЕЗ КЕЛМЕДІ-АУ!»-деген екен» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 76 бет.
«...3. ГНЕСОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА. Ислам дінінде Алланы тану оның елшісі пайғамбар арқылы болмақ. Ал Абай пайғамбарды тануға шақырмайды». Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 75 б.
«Дүние, шаруа, мінез күнде өзгерер, кезекпен нәби келер», деп ПАЙҒАМБАРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ РЕТІНДЕ АЙТАДЫ ДА, адамды сыйлауға, Алланың хикметін сезінуге шақырады. Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 75.
...«Ислам дінінде Алланы бірден, оның жердегі елшісі пайғамбарсыз тануға рұқсат жоқ. ИСЛАМ ДІНІНДЕ ПАЙҒАМБАРДЫ МОЙЫНДАУШЫЛЫҚТАН (мойындамаушылық әріп қатесі кеткен болу керек) асқан күнә және жоқ. АБАЙ БОЛСА ПАЙҒАМБАРДЫ НАСИХАТТАП ӨЛЕҢ ЖАЗБАҒАН АҚЫН» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 75 бет.
«Дүние, шаруа, мінез күнде өзгерер, кезекпен нәби келер», деп ПАЙҒАМБАРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ РЕТІНДЕ АЙТАДЫ ДА, адамды сыйлауға, Алланың хикметін сезінуге шақырады. Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 75.
Қазіргі кезде OpenAI тарапынан бір AI-жасанды интеллект жасап шығарылыпты. Бұл бүгінге дейін адамды сөйлеуін, сөздік қорын, стилін, ойлауы мен көзқарасы аясында дәлме-дәл қайталап береді деп отыр ғалымдар. Бұл GPT-3 деп аталады екен, сұрақтарға жауап бере алады, аударма жасай алады, тіпті өлең де жаза алады. Егер авторда бір ұғым немесе сөз, стиль жоқ болса, оларды мүлде қолданбайды. Бір мәтінді енгізсең, сол автордың стиліндей қылып мәтін жазып береді. Мысалы, Абайдан бірнеше жол бересің, ол дәл Абайдың өлеңінен ажырата алмайтындай жаңа бір өлең жазып бере алады, Абай сияқты сөйлеген, соның көзқарастары аясында айнытпай, ойлауы, сөйлеуі стилінде жауап береді екен. Интервью алуға болады. Энштейнмен интервью алған екен, тура Энштейн секілді жауап беріпті. GPT-3-тен Абайдың шығармаларынан бірнеше сөз енгізіп, сұрақ сұрасақ деп қиялдап көрдік. Қазірге GPT-3-ке қолымыз жетпейді, сонда да өмірде бар, жасалған дүние ғой, біз де ойша осыдан әсерленіп академик Ғ. Есімнің Абайға берген түсініктемелеріне Абайдың өзінен жауап беруін «өтіндік».
Академик Ғарифолла Есімге Абай былай деп жауап берді:
...«Ислам дінінде Алланы бірден, оның жердегі елшісі пайғамбарсыз тануға рұқсат жоқ. ИСЛАМ ДІНІНДЕ ПАЙҒАМБАРДЫ МОЙЫНДАУШЫЛЫҚТАН (мойындамаушылық әріп қатесі кеткен болу керек) асқан күнә және жоқ. АБАЙ БОЛСА ПАЙҒАМБАРДЫ НАСИХАТТАП ӨЛЕҢ ЖАЗБАҒАН АҚЫН» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 75 бет.
Абайдың жауабы:
«Я, Алла, құрметіңде достың Махмұт,
Тілге жар бер, білінсін тура мақсұт» Масғұт.
13-қарасөз. Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді-дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына ЯКИ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ШАФАҒАТЫНА ДА СЫЙМАЙДЫ, мүмкін де емес. "Қылыш үстінде серт жоқ" деген, "құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ" деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.
Иман дегеніміз бір ғана инанмақтық емес, сен алла тағаланың бірлігіне, уә құранның оның сөзі екендігіне, УӘ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА САЛАЛЛАҺУ ҒАЛАЙҺИ УӘССӘЛЛӘМ оның тарапынан елші екендігіне инандың. 38-қарасөз
Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам - я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. "Тәфаккару фиғла иллаһи"деген ХАДИС ШАРИФТІҢ
...кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, пайғамбарымыздың салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифі "мән-лә хаяун лаһу" деген дәлел дүр38-қарсөз.
...ДІНДЕ БАСШЫМЫЗ ҚҰДАЙДЫҢ ЕЛШІСІ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАДИС ШАРИФІ, хайру н-нас мән йанфагу н-нас деген. 38-қарсөз.
Иман деген – алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі БІЗГЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ САЛЛАЛАҺУ ҒАЛАЙҺИ УӘССӘЛЛӘМ АРҚЫЛЫ жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ.
17-қарасөз. «... Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. 44-қарасөз
Ниет оның парызынан хисап, пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлламнің хадис шарифі «иннама-л-ағмал, бин-ниет» деген 38-қарасөзі.
Ескендір поэмасында
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
—Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!
...Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Бұл — адам көз сүйегі, — деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
(Поэманы ислам пайғамбарының «Махмұт мақтаулы атымен бастап, шығыс ақындарының мұхит сия болса, Махмұт-мақтаулы есіміңді айтып жеткізуге шамамыз жетпестен таусылар еді дейтін дәстүрімен үндес, поэмаданың идеясы бірнеше хадисті жырлау; ислам Пайғамбарын Махмұт есімімен атау, Пайғамбарымыз, дінде басшымыз, УӘ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА САЛАЛЛАҺУ ҒАЛАЙҺИ УӘССӘЛЛӘМ деп Пайғамбарымыздың атынан кейін салауат кетіру, ЯКИ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ШАФАҒАТЫНАН үміт күту, ислам Пайғамбарына деген сүйіспеншілік, құрмет, оның хадистерін жырға қосу нағыз мұсылман адамның сипаттары. Абай шығармаларында көптеген хадистер айтылады, поэмаларының идеялық-көркемдік негізі, шешімі хадистермен қорытындыланады деп жазып беретініне толық сенімдімін GPT-3-тің).
«Ол: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жолы осы деп әділетті(,-деп адамдарды дініне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлуге үзілді-кесілді қарсы. Қоғам өмірінде ислам идеологиясы үстем болып тұрғанда, мұндай асқақ гуманистік ой қорыту-ДІНГЕ АЙТЫЛҒАН НАҚТЫ СЫН» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 75б.
Абайдың жауабы: «ДІНІМІЗДІҢ БІР ЖАСЫРЫН ТҰРҒАН ЖАЛҒАНЫ ЖОҚ БОЛСА, ақылды оны ойлама дегенімізге пенде бола ма?» 28-қарасөз
Әркімнің мақсаты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын зерегін де.
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
Хақиқат та, дін дағы тереңінде. 13 бет, 2-том, 2005.
«Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам - я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. ........Олай болғанда ғадаләт рафғат болуға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның хаясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, пайғамбарымыздың салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифі "мән-лә хаяун лаһу" деген дәлел дүр». 38-қарасөз.
«Ақын өлеңдерінде де, қара сөздерінде де Алла деген ұғым жиі кездеседі. Соған қарап Абай діншіл болған екен деген қорытынды ИСЛАМ ДІНІН, ОНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫН ҚАТТЫ СЫНҒА АЛҒАН ТҰҒЫШ ОЙШЫЛ». Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 74б.
Профессор Ғарифолла Есімге Абайдың жауабы:
«Бұл заманның молдалары хакім атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки, бұзық фиғыл, әл-инсан ғәдду ләма ЖӘҺИЛГӘ хисап. Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады "һай-һой!" менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі әншейін жәһил түгіл, ЖӘҺИЛЛӘР кібік талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір нысапқа қайтсын һәм ғибраттансын. ...ЖӘНЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ САЛАЛЛАҺУ ҒАЛАЙҺИ УӘССӘЛЛӘМ «ақыр заманда бір жылдық бір күн болар» дегенде сахаба-и кәрәмлар "бұл бір жылдық бір күнде намаз нешеу болар" деп сұрағанда: оның патуасын СОЛ ЗАМАННЫҢ ҒАЛЫМДАРЫ БІЛЕР деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеруімен қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады.(Ислам тарихында «жаһил, яғни надандықты сынға алу исламның алғашқы күндерінен бері бар; «Ғалымдар- Пайғамбарлардың мирасқоры» деген хадис-деп көрсететін еді GPT-3. )
...МҮМКІН, БҰЛ ДҰРЫС ТА ШЫҒАР, БІРАҚ АЙЛАРДЫҢ АДАМ КЕЙПІНДЕ КӨРІНУІ –ЗОРАСТРИЗМДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР.. Мұнда бірден көзге түсетіні –зороастризм күнтізбесіндегі айлардың, күндердің атаулары. Иранның ескі күнтізбесіндегі әрбір ай, әрбір күн, тіптен күннің әрбір кезеңдерінің лрухани киелері болған. БҰЛ ЖЕРДЕ ЗОРОАСТРИЗМНІҢ ӘСЕРІ БАР. Мұндай жағдай Авестада да тіптен жиі кездеседі. «Қыс» образын адам кейпінде беру-Абайдың өзі ашқан жаңалығы. Бұрын мұндай қазақ фольклорында кездеспеген образды жасаау-ақынның өз жаңалығы. Ғарифолла Есім. .Хакім Абай. Астана . Фолиант. б400. 2012.77б. (Әдебиетің көркемдегіш құралдарына қатысты біздің сала болғандықтан бұған бір мақала көлемінде тоқталамыз).
«Күншығысым-күнбатыс, күнбатысым-күншығыс болып кетті»-дейді. Әрине, оның мұндағы күнбатысы-өзі тілін, өнерін үйренген Ресей. Абай әрбір жақсы сөзді оқыған соң, соның ағымына ақыл-оймен терең бойлайтын әдет табады. Мәелен, Будданың жайын оқып шыққанның артынан: «БУДДАННЫҢ СӨЗІ ҚАЛАЙ ТЕРЕҢ ЕДІ, ЖАСЫМДА КЕЗ КЕЛМЕДІ-АУ!»-деген екен» Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012, 76 бет. (цитатада қайдан алынғанына сілтеме берілмегендіктен, дәл цитатаны таба алмадық. Абай айтты деген бұл сөз Абай жолында басқаша кейіпкер философтың атынан айтылады. Абай жолында Будда жайында айтылатын беттер: Абай жолы, kitap.kz. 260-268беттер./ М. Әуезов Абай жолы, Алматы «Жазушы 1989,2-том, 24-26 бет.
Бұған жауап М. Әуезовтан келсін: Абай жолы, М. Әуезов Абай жолы, Алматы «Жазушы 1989, 2-том, 26 бет.
Абай Кәкітайдың қиналуын түсінде де:
— Көп философты оқысаң, бұдан да үлкен, бұдан да ащы шындықтарға
ұшырасарсың. Бірақ одан, жоныңды көрсетіп Көкбайша қашпай, не дейтінін білуге тырыс. Ойға САЛЫП СЫНА ДА, ТАЛҒАЙ БЕР!
Академик Ғарифолла Есім Абайдың көзқарастары мен ой-пікір жүйесінің түп-тамырын анықтап, таратып түсіндіруге білімінің жеткіліксіздігі туралы өзі де айтады «Абайдың орыс тілінде оқыған кітаптарымен танысудың еш қиындығы жоқ. Аты аталған авторлардың еңбектері кітапханаларда сақталған. Біздің анықтай алмай жүргеніміз-Абайдың араб, парсы, түркі тіліндегі оқыған кітаптары. Оның ішінде, әсіресе, суфизмге қатысты әдебиеттерді біз көбіне біле бермейміз». Ғарифолла Есім. Хакім Абай. Фолиант 2012.
АБАЙДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ОЙ-ПІКІР ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮП-ТАМЫРЫН АНЫҚТАП, ТАРАТЫП ТҮСІНДІРУГЕ БІЗДІҢ ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІЛІМІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
қашанғы біздің ғалымдар араб, парсы тілін білмейміз, ислам қайнаркөздерін оқи алмаймыз деп желеу етіп жүреді. Араб, парсы тілін білмесе, ағылшын деректерден оқысын. Үштілділікті ғалымдардан бастау керек. (Бірнеше библиография ұсына кетейік, библиография айту біздің ісіміз, «Ишрак-озорение», Ежегодник исламской философий - осында бәрі бар; Franklin D. Lewis, Rûmî, «Past and Present, East and West» – Руми тақырыбына жазылған ағылшын тілінде ең көлемді еңбек, «Rûmî, The Persian, The Sufi»; Browne, Edward Granville, A Literary History of Persia, Cambridge: Cambridge University Press және тақырыпқа байланысты библиографияға қарағанымызда ислам тарихына байланысты ағылшынша 1622 кітап шықты) Ислам тарихы, суфизмге қатысты әлі оқи алмай жүрміз, әлі күнге білмейміз деп ғылыми еңбекке жазып қоюды түсіне алмаймын, өз басым).
Қазіргі кезде Президентіміз Абай академиясын құру керек, Абайтану оқулығын жазудың қажеттілігін баса көрсетіп, тапсырма беріп жатыр. Сол оқулықтарды жазуға Абай білімін толық қамтуға білім деңгейлері жеткілікті адамдар қатыстырылып, біз білмейміз, оқи алмаймыз, библиография жоқ деп жазбауды ескерсе дұрыс болар еді...
