Открытое письмо в Комитет гражданской авиации и аэропорт Алматы о присвоении аэропорту имени Талгата Бегельдинова
Азаматтық авиация комитетіне «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-на Мемлекеттік ономастикалық комиссияға 2014 жылдың 10 қарашасында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры алған жалғыз қазақ, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов 93-ке таяған шағында қайтыс болды. Осыған байланысты Алматы Халықаралық әуежайына Қазақстанның әскери және азаматтық авиациясының өрлеуіне үлкен еңбегін сіңірген батыр Талғат Бигелдиновтың есімін беруді ұсынамыз. Талғат Бигелдиновтың басшылығымен дәл осы Алматы әуежайы 1957 жылы қайта жаңғыртылып, жолтабаны кеңейтілді. Оған дейін Мәскеуге бару үшін ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке, сосын бірнеше сағат күтіп барып ИЛ-18 ұшағына мінетін. Қайтарда тағы солай. Демек, Алматы әуежайының қазіргі біз білетін деңгейін көтеруге Бигелдиновтың еңбегі орасан болғаны анық. Бигелдиновтың…