Алып анадан туады
Ана... Үш әріптен тұратын осынау бір сөз өн бойына бар тіршіліктің мәнін сыйғызып тұр. Ана махаббаты – әлемдегі құдірет атаулының ең күштісі. Кім-кімнің де анасы бар. Біртуар ақын Қадыр Мырзалиев: Адам жаны өрілмеген таспадан, Адам – адам, ұға ма оны тас надан? Он баласы бар ананы бүгінде Он есе артық сыйлау керек басқадан,- деп жырлайды. Мен де бүгін «он баласы бар ана» туралы сыр шертейін. Бағдат медициналық жоғары оқу орнының студенті атанды. Тоғыз баладан кейінгі ата-анасының еркесі, кенжесі еді. Анасы «Кенжетайым» деп, оны өзгелерден ерекше жақсы көруші еді. Ал Бағдат көзін тырнап ашқалы, анасының аурушаңдығынан көп жылайтын. Айнаш апа айықпас дертке шалдыққан, жатып қала беретін еді. Жастайынан анасының дертіне налып, тістеніп өскен Бағдат «қайтсем де, анамды ауруынан айықтырам» дей…