Перейти к содержимому
salamdan

Christian_KZ

@salamdan

На сайте с 25 января 2012 г.

Қазіргі мақсатым Киелі кітаптан үзінділерді келтіру. Болашақтағы арманым Киелі кітап мәтініне түсіндірме, яғни талқылау жазу.

рейтинг

100

постов

11

комменты

4

подписчика

2

подписок

0

Забур жыры #3

Забур жырлары 3
Жәбірленушінің таң ата сиынып қайта жігерленуі

 
1

(Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.)




 
2

Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,

Көп адам маған қарсы көтерілді.

 
3

Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»

Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.

 
4

Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,

Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.




 
5

Жаратқанға дауыстап жалынам,

Ол жауап береді киелі тауынан.

 
6

Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,

Содан оянып, тұрамын қайтадан,
Себебі мені қорғайды Жаратқан.




 
7

Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан

Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.




 
8

Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы,

О, Құдайым, мені құтқарсаңшы!
Сен жағынан ұрып күллі жауларымды,
Күшінен айырасың сол зұлымдарды.

 
9

Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің,

Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.
0
0
1246

Забур жыры #2

Забур жырлары 2 Құдайға әрі Ол тағайындаған патшаға мойынсұну 1 Неге халықтар жатыр бас көтеріп, Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып? 2 Жаратқан мен Оның қойған патшасына Әлемнің патшалары қарсы тұрып, Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп: 3 «Бізге салған шынжырларын сындырып, Бұғауларынан құтылайық лақтырып!» 4 Көктегі тағында отырған Құдай күледі, Солардың ойларын Жаратқан келекелейді, 5 Содан ашулана зекіп, тіл қатады, Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады: 6 «Киелі тауым Сионда Мен Өзім Осы патшамды тағайындаған едім!» 7 Паш етейін Жаратқанның жарлығын: «Рухани ұлымсың, — деді Ол маған. — (Өзіңді патшалыққа тағайындап) Мен бүгінгі күні Әке болдым саған. 8 Менен сұра, сонда иелігіңе сенің Халықтарды мәңгілікке беремін, Шартарапты қол астыңа өткіземін. 9 Сен жауларды темір таяқпен ұрасың. Лақтырып с…

0
0
1402

Забур жыры #1

1 Мынадай адам шынымен бақытты:

Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,

Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,

Мазақтаушылармен бірге отырмайды.

2 Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,

Күні-түні сол туралы ойланады.

3 Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:

Сол мерзімінде жемісін береді,

Жапырақтары кеуіп те сембейді,

Не істесе де, ол табысқа жетеді.

4 Ал құдайсыздарда солай болмайды,

Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,

5 Құдай сотында ақтала алмайды,

Әділдер қауымында орны болмайды.

6 Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,

Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.

0
0
489