Əйел заты
Әйел адамның көтерген жүгі ауыр. Табиғаттың құдіретімен, Алланың, Ғаламның бір ерекше күштеріне орай біз уайым мен мазасыздыққа әкелетін миллион себеп табамыз. Біз ұйқы құшағында жатып та, мұңды түстен жылап оянамыз, әдемі кинофильм көрсек те, екі ғашық үшін уайымдап жылаймыз, анамыз бен әкемізді уайымдап жылаймыз, балаларымызды “қандай болады екен”, “қайда жүр екен”, - деп жылаймыз. Эмоциямыздың түстері соншалық көп, кейде тау аударатындай күшті боласын, кейде әлсіз, түңілген жанға айналасын. Жаралы жүрек – әйел жүрегі. Себебі біздің асау жерлеріміз тым көп, тым баршаға белгілі. Біз жұдырықтай болса да, жүрегімізді қатыгездіктің қамауына тықпаймыз. Ол ашық, ол сүйуге, кешіруге, көмектесуге әрдайым әзір. Әйел заты нәзік келгенімен, біз осы күніміз үшін қоғаммен, еркектермен, тіпті өзімізб…