Тораңғы ағашы жайлы естуіңіз бар ма?
Жақында Балқаш қаласының маңындағы тораңғы тоғайына барып келдім. Бұл ағаштар Қазақстанда шөлді жерлерде сирек кездеседі. Ол жайлы естегендер шамалы ғана. Қазақ халқы бұл ағашты құрметтеген. Отынға да жақпаған. Тораңғы ағашы жайлы білгенімді баяндамақпын. Балқаш қаласының ерекше ескерткіштеріне жататын бұл тоғайға апарытын жол өте нашар екен. Тіпті адасып кеттік. Сарыарқаның төменгі бөлігі шөлді болғандықтан құмдары Сахараныкіндей. Тоғай Тоқырау өзенінің төменгі ағысында, Орта Дересін ауылының маңында орналасқан. Азиялық терек әсіресе құмды және сортаң топырақтарда өсіруге төзімді. Тораңғы ағашы өзінің қуатты тамыр жүйесінің арқасында 50 метр тереңдіктегі жер асты су көздерімен қоректене алады. Оның жапырақтарының формасы да ерекше. Ағаштың төменгі бөлігінде…