Перейти к содержимому
nk92

nk92

На сайте с 4 февраля 2011 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

постов

19

комменты

15

подписчиков

17

подписок

27

Горький шоколад, Сладкий чай...

Міне, көктемнің нәзік таң шуағы алыстап, алдымызда маужараған маусым тұр. Кім ойлаған, дәл осылай 1 курсым да тәмамдалады деп... Далаға көз салсаң, дипломдарын жаңа қолдарына алған жас мамандар қызмет іздеп табалдырық тоздырса, мектеп бітірген "жас түлектер" ҰБТ-ға дайындық үстінде. Күнделікті өмір тіршілігімен алысып, арпалысып жатқан адамдар.Осындай күнделікті тірлікпен алысып жүріп, осындай керемет шақтардың, тіпті, өмірдің өтіп бара жатқанын байқамаймыз. Өкінішті... Дәл осы қалпымызбен фәни дүниенің де есігін жабармыз. Ал, сол есіктің ар жағында не тұр?.. Мұны тек арғы дүниеге өткен шақта ғана білерміз бәлкім... Қалай болғанда да осы дүниеде жүргенде өмірімізді бағалап, құр бекерге таусыла бермейік! Себебі ӨМІР - тек бір мәрте берілетін, ақсы қайтарылмайтын, өзгертуге, болмаса ауыстыр…

0
1
449

КАКОГО ЭТО?..

Дәл қазір осы блогты жазып отырып, түсінгенім ертен сабақ бітеді... Ертен ең қызықты 1 курс аяқталады.

Бұл уақыт аралығында қандай қызықты шақтар болмады. Тіпті, тек Әйгерім апайдың  сабағын алып қарайтын болсақ, ол кісі болмағанда:

  • мен блог жүргізбес едім;
  • интернетке қызығушылығым болмас еді;
  • ҚазНетте атағы шыққан адамдармен таныспайтын едім;
  • ҚазНеттің жағдайы жайлы хабардар болмас едім;

Және тағысын тағы.

Жалпы айтар болсам, Әйгерім апай сізге айтар алғысым шексіз!.. Сіз болмағанда біз көптеген қызықты жайттардан, нәрселерден қапы қалар едік.

Сізге көп рахмет!

0
2
487

Так жаль...

ҚазНеттің барлық сайттарында (арналарында) хабарлаған BarCamp кеше аяқталды.

Өзім екінші күні келгенде, бірінші күні келе алмағаныма өкіндім.

Біріншіден, жағымды атмосфера. Екіншіден, шынайы таныстық қарым-қатынас орнатқылары келген адамдар. Үшіншіден, қызықты өткен презентациялар... Ұмытылмас Әсер...

Мен үшін Менің алғашқы Баркэмпім осылай өтті.

Енді алда 27-29 мамыр аралығында Қырғыстанда өтетін BarCamp бар.

Егер жаңа технологияларға қызықсаң, Журналистика, PR жайлы білгің келсе, мына сайтқа кір. Қандай жаңа ойларың бар? Бөліс?..

0
3
458

BIG LOVE FEST

 Қаз ҰУ-да BIG LOVE FEST атты фестиваль өтуде.

Фестивальдің бағдарламасы жақсы ұйымдастырылған. Дегенмен, студенттердің қатысуы көңілден шықпайды.

Өзім сол фестивальға қатысып, университетімдегі өзім сияқты студенттермен жақынырақ танысамын ба деп ойлаған едім, әттең, менің нөміріме сәйкес келетін студент жоқ.

0
4
453

Казахстанский пиар!!!

Қазақстандық пиар аяғын енді-енді апыл-тапыл басып келе жатқан сәби сынды. Сүйкетері әлі де болса қатая қоймаған бүл сәби алдында кездесер қиындық аз емес...

Дегенмен, бойында қазақтың рухы бар бұл боздақтың бағындырар белесі көп болады деген сенімдеміз.

Әрқашан жасымаған, болашаққа зор сеніммен қараған жас желкеннің болашағы жарқын болсын!..

0
3
578

Вот это САЙЛАУ!!!

Бүкіл мемлекетіміз дүркіреген сайлау - сәуірдің үшінде өтті. Елбасымыздың 95% дауыс жинағанына қарағанда, сайлау барысы жақсы өткен сынды. Дегенмен, сайлау барысы өз деңгейінде өтті деп айта алмаймын. Өзім ҚазҰУ-дың сайлау учаскесінде дауыс бердім. Ең алдымен, көңіл-күйді бұзған ауа райы сайлау учаскесіндегі дүрбелеңмен жалғасты. Өздеріне белгіленген уақытта келмеген өзге факультет студенттері атақты журфактың уақытын алды. Ондай басынушылықты көтермейтін біздің факультет учаскенің алдында кішігірім шайқас өткізді. Халықаралық қатынастар факультетінен кейін тапсырған біздің факультет даңқы айрандай төгілді. Сайлау учаскесін базарға айналдырған біздің студенттер екі топқа бөлінді: Біріншісі-тәртіпке бағынған, әдеп-этика ережелерін ұстанған 1курс студенттері болса, екіншісі-өз уақытын жоғал…

0
8
584

Особо секретно!..

Жақында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 105-ші топ студенттеріне қонаққа Your Vision жобасының менеджері Самсон Безмятежный келді.

Қызықты ақпаратқа толы болған бұл кездесуде көптеген бізге қажетті ақпарат берілді.

Your Vision сайты жайлы жақсы ақпарат берілген бұл кездесу жоғарғы деігейде өтті. Егер осындай кездесуге қатысқыларыңыз келсе, біздің топқа қонаққа келіңіздер!!!

0
0
339

Второе дыхание

Наурыз айының 12 жұлдызында біздің ҚазҰУ-дың атақты 105 топ студенттерінде СӘТТІ кездесу өтті. 2010 жылғы ҰБТ-дан өткен талапкерлер тамыз айында мемлекет тағайындайтын грантқа ие болғанын, қандай мамандық екенін білмесе де, атауы "Қоғаммен байланыс" екенін ауызбен айтып жүрген. "Бас дегенде құлақ аласың" демекші, мамандығың не екенін білмеген өте қиын... "Әйтеуір грант қой!.." деп айдалада адасып жүрген жандар жасап жатқан қателік осылардың бірі ғой.. Осындай сабылып, армандарынан алыстап кеткен адамдарды өмір әрине өз сарынына салып, түзетеді. "Көш жүре түзеледі" демекші, уақыт өте келе мен өз группаластарымның мамандықтың қыр-сырын игере бастағанын байқадым. Оның бірден-бір себепкері, әрине, оқытушыларымыз өткізетін кездесулер. Сондай кездесулердің бірі- Алима Исембаевамен болған еді. О…

0
0
426

Что такое PR?..

 Көпшілік халыққа беймәлім PR (пиар) мамандығы қазіргі күні өте қажет. Себебі, компания болсын, мемлекеттік мекеме болсын халық алдында жағымды имидж қалыптастыру қажет. Ол, әрине, пиаршының қызметі. Тіпті, ең негізгі қызметтерінің бірі.

Қоғаммен байланыстың (PR) 7 негізгі қызмет бағыты бар:

  • БАҚ-пен байланыс, паблисити;
  • Корпоративтік қарым-қатынас;
  • Кризис-менеджмент;
  • Жұмысшы топпен қарым-қатынас;
  • Қаржы саласындағы қарым-қатынас;
  • Мемлекеттік және жергілікті мекемелермен қарым-қатынас;
  • Тауарлық  пропаганда.
0
0
787

Что действительно было на журфаке?!

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетінде шу көтерілген болатын.

"Факультетті жабады" деген өтірік әңгімеден басталған дау, факультет деканының ауысуымен аяқталды. Қазіргі күні бүкіл республикаға аты шыққан журфак, жастардың тілінде айтқанда "монстр" атанып отыр.

Интернет сайттарда түрлі видеоларды көрген халық әлі де болса, шынайы ақпаратқа жете қоймады. Студенттердің қатысуымен болған бұл шара - тек ақпараттың анық - қанығын білу үшін ұйымдастырылған еді. Кейіннен ғаламторда түрлі "комментарийлер" жазылып, ақпарат басқа түрге айналып кетті.

Бәлкім, бұлай көтерілудің қажеті жоқ шығар, дегенмен, бұл студенттердің өз ойларын ортаға салуға көп мүмкіндік берген шара болды. Бірақ, мұны халықтың дұрыс түсінбегені қиын болды...

0
2
383